AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық наградалар м...

Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық наградалар мәселелері жөнінде республикалық семинар өтті

Әлеумет 30.03.2025, 12:53 686
Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық наградалар мәселелері жөнінде республикалық семинар өтті
Сурет: Gov.kz

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті геральдикалық жұмыс басқармасы мен «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ-нің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері» тақырыбында республикалық семинар өтті.

Екі күндік семинарға еліміздің барлық өңірлерінен мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері, Мәжіліс депутаттары мен қоғам қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық наградалар геральдикасын талқылау, оларды насихаттау, ұлттық стандарттар мен заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ адал еңбек иелерін марапаттау рәсімін біріздендіру.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда геральдика мәселесіне бірнеше мәрте тоқталып өткен болатын. Мәселен, Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда өңірлік нышандарды жүйелеу мәселесін көтерсе, таяуда Бурабайда өткен жиында ведомстволық марапаттарды ретке келтіруді  тапсырды.

Жиын барысында өңірлік нышандарды заң талаптарына сәйкес бекіту және оларды біріздендіру, мемлекеттік рәміздерге қатысты құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, тиісті шаралар қабылдау, мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі мен ұлттық стандарттардың сақталуы, сондай-ақ Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу мәселелері талқыланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мемлекеттік рәміздер #ведомсвтолық наградалар #республикалық семинар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);