конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекеттік қарызды азайту үшін қандай жұмыс атқар...

Мемлекеттік қарызды азайту үшін қандай жұмыс атқарылып жатыр

Әлеумет 20.06.2023, 10:27 925
Мемлекеттік қарызды азайту үшін қандай жұмыс атқарылып жатыр
Сурет: ашық дереккөз

Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Үкіметтің 2022 жылғы бюджет есебін талқылап жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Депутат Анас Баққожаев Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа мемлекеттік қарыз бойынша сұрақ қойды, деп жазды Azattyq Ruhy.



«Әлихан Асханұлы, мемлекеттік борыштың көлемін азайту үшін қандай шараларды қолданып жатырсыздар? Сондай-ақ мемлекеттік борышқа байланысты орташа және ұзақ мерзімдегі перспективалар бойынша болжам қандай?», - деді ол.



Премьер-министр Әлихан Смайылов мемлекеттік борышты азайту мәселесі Үкіметтің тұрақты наразарында екенін айтты.



«Осы саладағы жұмыс халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Қазір борыш қауіпсіз деңгейінде қалыптасып отыр. Ол жалпы ішкі өнімнің 24,7% құрайды. Мемлекеттік борышты азайту және оған байланысты бюджет шығыстарын азайту мәселесін шешу үшін Үкімет бірқатар шара қабылдап жатыр. Біріншіден, республикалық бюджеттің тапшылығын жалпы ішкі өнімге 2,7%-дан кезең-кезеңімен әрі қарай төмендету. Ол жаңа қарыздарды алуға және шығыстардың өсуін шектеуге мүмкіндік береді. Екіншіден, бюджеттің өз кірісін ұлғайту. Ол үшін салықтық және кедендік әкімшілендіру жетілдіріледі, цифрландыру жалғасады», - деді Смайылов.



Оның айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджеттің өз кірісі 42% өсті.



«Биылғы өсім 40% болады деп жоспарлап отырмыз. Осындай жоғары қарқынды әрі қарай қамтамасыз етуіміз керек. Үшіншіден, қарызды негізінен ішкі нарықтан теңгемен алуға басымдық беріп отырмыз. Ол валюталық тәуекелді азайтуға мүмкіндік береді. Төртіншіден, мемлекеттік бағалы қағаздарды халықаралық индекстерге енгізу. Соның негізінде халықаралық депозитарийлерді тарту. Ол бізге шетелдік инвесторларды кеңінен ішкі қор нарығына тартуға мүмкіндік береді және қарыз алудың құнын төмендетеді. Жалпы алдағы 5 жылда мемлекеттік борыш қауіпсіз деңгейде қалыптасады. Жалпы ішкі өнімнің 25%-нан аспайды деп болжап отырмыз», - деді Әлихан Смайылов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қарыз #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда биыл 100-ден астам жеделсаты ауыстырылады

Бүгін 16:25

Азия Олимпиадалық кеңесінің өкілдері Алматының 2029 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындығын бағалады

Бүгін 15:50

Ұлттық ғылым академиясы KazNARU базасында Қытай ғылым академиясымен бірлескен One Health зерттеулер орталығын ашты

Бүгін 15:47

Air Astana Қазақстанда бірінші болып DHL GoGreen Plus сертификатын алды

Бүгін 15:39

Алакөл жағалауында «Алакөл толқыны» фестивалі өтті

Бүгін 14:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);