Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекеттік кірістер комитеті наурыздың соңына дей...

Мемлекеттік кірістер комитеті наурыздың соңына дейін салық декларациясын тапсыру қажеттігін ескертті

Әлеумет 24.03.2022, 08:47 1,476
Мемлекеттік кірістер комитеті наурыздың соңына дейін салық декларациясын тапсыру қажеттігін ескертті
Сурет: Ratel.kz

Декларацияны тұрғылықты жері бойынша салық органына немесе электронды түрде тапсыруға болады.


Заң бойынша 2021 жылы мүлікті жалға берген немесе мүлікті сатқан кезде құн өсімінен табыс тапқан жеке тұлғалар 2022 жылдың 31 наурызынан кешіктірмей, салық декларациясын тапсыруы қажет, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Табыстың нақты түрлері де анықталған. Олар:


салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға мүлікті жалға беруден түсетін кіріс;


жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай, жеке қосалқы шаруашылық, гараж, пәтер, жер учаскелері, механикалық көлік құралдары және тіркемелер бойынша меншік құқығы бір жылға жетпеген жағдайда құн өсімінен түсетін кіріс;


жылжымайтын мүлікті, жер учаскелерін және жер үлестерін, инвестициялық алтынды, бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын, заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс;


талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үйдегі (ғимараттағы) үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс;


Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі көздерден алынған мүлікті сатудан (мүлікті, бағалы қағаздарды, борыштық бағалы қағаздарды, қатысу үлесін өткізуден) түскен кіріс;


жарғылық капиталға салым ретінде мүлікті (ақшадан басқа) беру кезінде құн өсімінен түсетін кіріс;


шағын бизнес субъектілері үшін не шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің өзге де активтерін сату кезінде құн өсімінен түсетін кіріс.


Бұдан бөлек, адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, медиаторлар, еңбекші көшіп келушілер-резиденттер, үй қызметкерлері, бейрезидент-жеке тұлғалар, шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерімен, консулдық мекемелерімен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскер табысын алған азаматтар, салық агенттері болып табылмайтын қоғамдық ұйымдар мен қорлар декларацияның 240.00 формасын тапсыруға міндетті.


Сондай-ақ бұл тізімге 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай Қазақстаннан тыс жерлерде тіркелген жылжымайтын мүлікке, бағалы қағаздарға меншік құқығы, заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі бар жеке тұлғалар да кіреді.


Табыс салығының мөлшері кірістің 10 процентін құрайды. Оны 10 сәуірден кешіктірмей төлеу керек.


Ал декларацияны тұрғылықты жері бойынша салық органына қағаз түрінде және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы немесе cabinet.salyk.kz web-порталындағы салық төлеушінің кабинеті арқылы электронды түрде тапсыруға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#табыс #салық #декларация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Талдау мектебі. Алматы» жобасына өтінім қабылдаудың аяқталуына 10 күн қалды

Бүгін 17:31

Алматыда «Ми құпиялары» халықаралық конференциясы өтті

Бүгін 17:09

Алматы әкімі коммуналдық жәрмеңкелерді дамыту мәселеcіне арналған кеңес өткізді

Бүгін 17:01

Алматы әкімдігі: Ұлықбек көшесін ұзарту жобасы 2014 жылдан бері Бас жоспарға енгізілген

Бүгін 16:06

Аштықты да, соғысты да көрген ғұмыр: ҰОС ардагері Зұлқарнай Сейітовтің өмір жолы

Бүгін 15:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика