ffin.kz

Мемлекет үшін жастардың жан-жақты дамуы маңызды

Мемлекет үшін жастардың жан-жақты дамуы маңызды primeminister.kz

Тамара Дүйсенова Қазақстан шахмат федерациясының президентімен кездесті



ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турловпен кездесті. Қауымдастық басшысы биылғы нәтижелер мен келер жылға арналған жоспарлар туралы айтып өтті.


Жыл басынан бері Федерация республикалық және халықаралық деңгейдегі 30 жарыс ұйымдастырды, оларға барлығы 5,5 мыңнан аса адам қатысты. Тұңғыш рет мектеп командалары арасында әлем чемпионаты өтті. Додаға 53 мемлекеттен 400-ге жуық жас шахматшы қатысты. Сондай-ақ 23 шахматшыға гранттық көмек көрсетілді, 89 адамға сыйақы төленді.



«Біз шахматты ел ішінде насихаттауға, оның өңірлерде дамуына үлкен көңіл бөлеміз. Ол үшін арнайы “Шахмат керуені” атты ауқымды жобаны жүзеге асырдық. Екі ай ішінде 20 қалада әуесқой шахматшылар арасында сайыстар ұйымдастырылды. Оған мыңнан аса адам қатысты, жүлде қоры 16 млн теңгені құрады. Сондай-ақ осы бастама аясында барлық облыстарда Федерацияның өкілдіктері ашылды. Бастамаларымыз мемлекет тарапынан республикалық деңгейде де, өңірлерде де үлкен қолдауға ие болып жатқаны маңызды. Сол үшін алғыс айта отырып, әріптестікті ары қарай да нығайтуға дайын екенімізді айтқым келеді», — деді Тимур Турлов.




Өз кезегінде Тамара Дүйсенова халықаралық деңгейде жоғары жетістікке қол жеткізген отандық гроссмейстерлердің шеберлігін атап өтті. Қазірде шахматтан Қазақстан құрамасы – мықты ұжымдардың қатарында.



«Мемлекет үшін жастардың жан-жақты дамуы маңызды. Сізге және отандық федерацияға бұл бағытта атқарылған жұмыс үшін алғыс білдіремін. Қазір спорт туралы заң жобасы қарастырылып жатыр. Құжат спорт түрлерін қаржыландыру, салалық федерациялар жұмысын реттеуге мүмкіндік береді. Мемлекет бұқаралық спорттың дамуы мен оны жан-жақты насихаттауға мүдделі», — деді Тамара Дүйсенова.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04