AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Берік Әбді...

Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлын қабылдады

Саясат 17.08.2022, 08:43 1,496
Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлын қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын мақұлдап, тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп орындауды тапсырды.


Облыс әкімі Президенттің Ұлытау облысына жасаған сапарының қорытындылары негізінде әзірленген аймақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап. 


Ұлытау өңірінің экономикасын әртараптандыруға бағытталған маңызды құжат 240-тан астам іс-шараны қамтиды. Олар әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымды дамытуды және өңірдегі ең өзекті мәселелерді шешуді көздейді.


Қасым-Жомарт Тоқаевқа таныстырылған кешенді жоспарда инвесторлар тарту, қатты күйінде келетін пайдалы қазбалар өндірісін кеңейту мен жаңа кен орындарын игеру, геологиялық кластер құру мен оны дамыту мәселелері қарастырылған. Бұдан бөлек, жаңадан ет өңдейтін кешен, құс фабрикасы мен жылыжайлар салу жоспарланған.


Келесі жылы жалға және несиеге берілетін 132,8 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы, көпсалалы аурухананы жаңғырту, онкологиялық диспансер мен Жезқазған қаласында заманауи «Ана мен бала» орталығын ашу жұмыстары жүргізіліп, Ұлытау ауданында аурухана салынады. Сонымен қатар әрбір аудан орталығы мен ауылдарда 26 медицина мекемесі ашылады.  


Берік Әбдіғалиұлы мәдени-ағарту нысандарын жөндеу және қайта құру туралы да айтты. «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында 11 орта мектеп пен 8 балабақша салу көзделген.  


Мемлекет басшысына баяндалған өзекті мәселелердің тағы бірі – облысты ауыз сумен және сапалы жолдармен қамтамасыз ету. Қалалар мен ауылдарды сумен жабдықтау жұмыстары мен су бұру жүйелері қайта жаңғыртылады. Сонымен қатар облыстық маңызы бар 289,5 шақырым жолды, аудандық маңызы бар 112,5 шақырым жолды жөндеу мен қалпына келтіру жоспарланған. Берік Әбдіғалиұлының айтуынша, аталған іс-шараларды жүзеге асыру барысында 10 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #қабыдау #Ұлытау әкімі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бразилияның сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

Бүгін 20:10

"Анашым, мен сені жақсы көремін": Алматыда мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі өтті

Бүгін 18:42

Алматыда этномәдени бірлестік өкілдері Аналар күнін атап өтті

Бүгін 17:27

Тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Маман кеңесі

Бүгін 16:50

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 15:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);