AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет басшысы Үкіметке «Деректерді өңдеу орталы...

Мемлекет басшысы Үкіметке «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасын мұқият пысықтауды тапсырды

Әлеумет Бүгін 16:16 41 yakiya
Мемлекет басшысы Үкіметке «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасын мұқият пысықтауды тапсырды

Президент сенімді инфрақұрылымды цифрлық экономиканың тағы бір берік тұғыры ретінде атады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл – технологиялық дербестіктің алғышарты. Оның маңызы энергетика немесе логистика саласынан кем түспейді.

– Есептеу қуатын, деректерді және байланыс арналарын бақылауда ұстау айрықша өзекті. Қазіргі заманда мұны өзгелерден тәуелсіз болудың бұлжымас қағидасы десек, артық айтқандық емес. Бізге жасанды интеллект пен «бұлтты» технология қызметтеріне арналған инфрақұрылымдық базаны дамыту керек. Осы бағыттағы басты жоба – «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын» құру ісін жүйелі жүргізу қажет. Бұл – алдағы уақытта экономикамыздың жаңа индустриялық тірегіне айналатын ауқымды кластер. Мұндай орталықтар кәсіпкерлер мен ғалымдарды есептеу ресурстарымен қамтамасыз етеді. Сенімді цифрлық инфрақұрылым еліміздің стратегиялық активіне айналуға тиіс. Үкімет «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасын мұқият пысықтауы қажет. Бұл ретте халықаралық стандарттар және осы саладағы жетекші компаниялар бекіткен талаптар ескерілуге тиіс. Ең бастысы, бұл аса маңызды жоспар еліміздің сұранысына сай және заманауи озық үрдістерді ескере отырып жасалғаны жөн. Дата-орталықтар – сәнді цифрлық технологиялар көрмесі емес, – деді Мемлекет басшысы.

🟦

Қасым-Жомарт Тоқаев киберқауіпсіздік жіті қадағаланбаса, кез келген инфрақұрылым сыр беретінін мәлімдеді.

– Ұлттық технологиялық өнімнің бәріне қауіпсіздік стандарттарын енгізу керек. Дербес деректерді қорғау міндеті Конституцияда нақты бекітілді. Сондықтан бұл жұмыс құпиялық, тұтастық, қолжетімділік қағидаттарына негізделуі қажет. Мемлекеттік цифрлық қызметтердің тұрақты әрі қауіпсіз жұмыс істеуі – басты талаптың бірі. Ашықтық, жаһандық интеграция және ұлттық мүдде арасындағы теңгерімді сақтау – айрықша маңызды. Мемлекет осы жұмысты тиімді ұйымдастырғаны дұрыс. Цифрлық қауіпсіздік мәселесі виртуалды кеңістік ауқымынан әлдеқашан шығып кетті. Таяу Шығыстағы оқиғалар жаһандық тәртіптің осал тұстарын айқындап берді. Өкінішке қарай, бүгінде дамыған елдердің цифрлық инфрақұрылымына қатер төніп тұрғаны жасырын емес. Мұндай жағдайда халықаралық бизнеске қауіпсіздік ауадай қажет. Жаһандық технологиялық қауымдастық үшін институттар мен құқықтық жүйенің тұрақты, ал цифрлық инфрақұрылымның сапалы болғаны өте маңызды. Қазақстанды «цифрлық хабқа» айналдыру жөнінде міндет қойдық. Демек осы талаптың үдесінен шыға білу қажет, – деді Президент.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#логистика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

5 елден 200-ден астам жас хоккейші Almaty Nova Cup 2026 турнирінде бақ сынады

Бүгін 17:36

«Гүл Алматы – 2026» V фестивалі жоғары деңгейде өтті

Бүгін 17:10

Оқушылар Полиция департаментінің музейіне экскурсия жасады

Бүгін 17:00

PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

Бүгін 16:52

«Сарбаз болғым келеді»

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);