Мемлекет басшысы Режеп Ердоғанмен өзекті мәселерді талқылады

Мемлекет басшысы Режеп Ердоғанмен өзекті мәселерді талқылады Сурет: Ақорда кz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz


Әңгімелесу барысында президенттер өзара сенім мен қолдауға негізделген екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.


Екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын талқылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды.


Қазақстан мен Түркия президенттері биыл қараша айында Астанада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының X саммитіне дайындық барысы туралы пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл жиын түркі елдері арасындағы қарым-қатынасты дамыту үшін маңызды қадам болмақ.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21