AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Қазақстан-Бавария технологиялық ф...

Мемлекет басшысы Қазақстан-Бавария технологиялық форумының ашылуында сөз сөйледі

Саясат Бүгін 22:15 46
Мемлекет басшысы Қазақстан-Бавария технологиялық форумының ашылуында сөз сөйледі
Сурет: akorda.kz

Германия, Мюнхен қаласы

 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Баварияны технологиялық прогресс пен өнеркәсіптік жетістіктері бай мәдени мұрасымен, берік дәстүрлерімен және жаңашылдық рухымен үйлесім тапқан бірегей өңір деп атады.

– Неміс бизнесі елімізде мықты сапасымен, сенімділігімен және технологиялық артықшылығымен жоғары бағаланады. Бүгінде экономикалық байланыстарды тереңдетуге барлық мүмкіндік бар. Бұл ретте Еуропаның жетекші өнеркәсіптік аймақтарының бірі, инженерия мен жоғары технологияның орталығы ретінде дүние жүзі мойындаған Баварияның алатын орны ерекше. Біздің азаматтарымыз үшін «Германияда жасалған» деген белгі әрқашан сапа мен сенімділік синонимі саналады. Дәл осы себепті Мюнхенге арнайы келіп, Баварияның саяси басшылығымен және іскерлік орта өкілдерімен тікелей диалог құрғанды жөн деп ұйғардым, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Бавария Германияның федералдық жерлері арасында Қазақстанның басты сауда серіктестерінің бірі екенін айтты.

– Қазақстан бұл аймаққа, негізінен, мұнай, ферроқорытпа, болат, мыс, алюминий, бейорганикалық химиялық заттар, майлы дақылдар, бидай және басқа да тауарлар экспорттайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент елімізде Баварияның жетекші компаниялары, соның ішінде Siemens, Siemens Energy, Knauf, Horsch және басқа да кәсіпорындары табысты жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысының пікірінше, қазақ-герман экономикалық қарым-қатынасының келесі кезеңі озық технологиялармен, жоғары технологиялық өндіріспен және жаңа нарықтарды бірлесе игерумен байланысты болуға тиіс.

Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев бавариялық компания жетекшілеріне елімізде инвесторларға жасалып жатқан қолайлы жағдай, атап айтқанда, Үкімет жанындағы Инвестициялық штаб пен Астана халықаралық қаржы орталығы туралы кеңінен мағлұмат берді.

Содан кейін Президент өзара тиімді серіктестіктің негізгі бағыттарына тоқталды.

– Озық өндірісті дамыту негізгі басымдықтардың бірі болғаны абзал. Қазақстан машина жасау, металлургия, электр техникасы және қосалқы бөлшектер өндірісін дамытуды қолға алды. Әйтсе де еңбек өнімділігін одан әрі арттыру үшін өндірісті автоматтандырып, роботты техника мен озық технологияларды кеңінен пайдалану қажет. Siemens және KUKA секілді компаниялар аталған салаларда көшбасшы саналады. Қазақстанның ірі кәсіпорындары, соның ішінде Qarmet те бар, өнеркәсіп саласындағы тұрақты сұраныс пен сенімді серіктестік байланыстарды қамтамасыз ете алады. Өршіл мақсаттарымызды «Қазақстанда Бавария технологиясы арқылы неміс сапасына сай жасалған» деген қарапайым сөзбен бейнелеуге болады, – деді Мемлекет басшысы.

Президент аса маңызды материалдарды серіктестіктің тағы бір бағыты ретінде атады.

– Неміс өнеркәсібі маңызды ресурстардың жеткізілу жолдары сенімді және әр тараптан болуына мүдделі. Қазақстан бұл орайда мыс, титан, алюминий, берилий, тантал, ниобий секілді элементтермен ұзақ уақыт бойы қамтамасыз ете алады, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев микроэлектроника өндірісіндегі ынтымақтастық перспективасына айрықша тоқталды.

– Бавария Infineon Technologies, Siltronic, Rohde & Schwarz секілді дүние жүзі мойындаған компанияларды біріктіріп, жартылай өткізгіштер мен микроэлектроника саласында Еуропадағы ең үздік экожүйелердің бірін қалыптастырды. Қазақстанға ауқымды микросхема өндірісінен гөрі отандық өнеркәсіптің дамуына тікелей септігін тигізетін қосылған құны жоғары өнімдер шығарудан бастаған оңтайлы болар еді. Энергетика, тау-кен, металлургия, көлік және өңдеу өнеркәсібі салаларына үлкен қуат ағындарын реттейтін электроникалар, датчиктер, өлшем жүйелері мен автоматтандырылған күрделі басқару жүйесі көбірек қажет. Осы орайда, Bavarian Chips Alliance қатысуымен арнайы серіктестік бағдарламасын іске қосуды ұсынамын. Бағдарлама шеңберінде тиісті қазақстандық компанияларды, ғылыми-зерттеу мекемелерін және даму институттарын бавариялық жартылай өткізгіштер өндірісінің экожүйесімен сабақтастыруға болады, – деді Президент.

Мемлекет басшысының пікірінше, жаңа өндірістердің халықаралық нарыққа шығуы үшін көлік және логистика саласындағы сенімді байланыстар өте маңызды. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев бавариялық бизнесмендерді Транскаспий халықаралық көлік бағдарының бойында өнеркәсіп және логистика хабтарын бірлесе қалыптастыруға шақырды.

Бұдан бөлек, Президент Баварияның іскерлік топ өкілдерінің назарын Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніндегі мол әлеуетке аударды.

Бавария ауыл шаруашылығына арналған машина жасау, ғылыми негізді егін шаруашылығы, су үнемдейтін технологиялар және тамақ өнеркәсібі салаларында озық құзыретке ие. Осы артықшылықтарды ескере отырып, шағын үлгілі шаруашылықтарды дамытуға қатысты ортақ жобаны іске қосу ұсынылды. Бұл бастама аясында Еуропа стандарттарына сай жоғары сапалы агроөнімдерді өндіруге және өңдеуге басымдық беріледі.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенде бизнеске, инвестиция мен инновацияға арналған бірегей алаң ретінде Alatau City мегажобасын таныстырды.

Бавариялық компаниялар Алатау қаласын инженерлік және сервистік бөлімшелерін орналастыратын, үздік шешімдерді көрсететін, жергілікті серіктес іздеп, инвестициялық жобаларды іске асыратын алаң ретінде қолдана алады.

Президент пайымынша, аталған бастамалардың сәтті болуы, сайып келгенде, білікті кадрларға байланысты. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз Бавариядағы кәсіптік білім берудің дуалды жүйесіне қызығушылық танытатынын мәлімдеді. Мемлекет басшысы Қазақстанда бавариялық ірі өнеркәсіп жобаларын іске асыру кезінде кәсіби даярлық пен инженерлік құзыретті дамытуды ескерген жөн деп санайды.

Мемлекет басшысы сөзін қорыта келе, Алматы қаласында Бавария экономикасының өкілдігін ашуды ұсынды. Аталған мекеме Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда неміс кәсіпорындарының мүддесі үшін жұмыс істей алады.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Тоқаев #технология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан, Өзбекстан және БАӘ Қазақстан – Өзбекстан – Ауғанстан – Пәкістан теміржол бағытын дамытуға ниетті

Бүгін 21:30

Мемлекет басшысы Бавария Премьер-министрінің орынбасары – Экономика, өңірлік даму және энергетика министрі Хуберт Айвангермен кездесу өткізді

Бүгін 21:16

Қазақстан Президенті Бавария Премьер-министрі Маркус Зёдермен кездесу өткізді

Бүгін 20:31

Ашық диалог: Дархан Сатыбалды Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесті

Бүгін 19:26

Қазақстанның «Үлкен дулығасы»: әлемдік семсерлесудегі тарихи үстемдік

Бүгін 18:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);