AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Пре...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Президенті Рустам Миннихановты қабылдады

Саясат 24.01.2022, 13:54 1,669
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Президенті Рустам Миннихановты қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Татарстан Президенті Рустам Миннихановты қабылдады.


Тараптар сауда-экономикалық, өнеркәсіп және технология саларындағы өзара ынтымақтастықты нығайтудың перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 


Қасым-Жомарт Тоқаев Рустам Миннихановқа ілтипат білдіріп, Ресей Федерациясымен арадағы көпжақты қатынастарды дамыту ісінде Татарстанның маңызды орын алатынын атап өтті.


Мемлекет басшысының айтуынша, Татарстан Қазақстанмен экономикалық, өнеркәсіптік және технологиялық ынтымақтастықты нығайту деңгейі бойынша Ресей Федерациясы субъектілерінің ішінде көш бастап келеді. 2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы 423 миллион долларға жеткен.


«КамАЗ» және «Татнефть» компанияларының қатысуымен машина жасау саласында құны 1,8 миллиард доллар болатын жобалардың жүзеге асырылуы – осындай табысты ынтымақтастықтың жарқын көрінісі. Қостанай және Қарағанды облыстарында «КАМАЗ» автобөлшектері мен «Татнефть» дөңгелектерін шығаратын үш зауыттың құрылысы белсенді жүргізілуде.


Мемлекет басшысы Қазақстанның инвесторларға, оның ішінде Татарстанның ивесторларына қолайлы болу үшін қажетті жағдайдың бәрін жасайтынына назар аударды.


Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Рустам Миннихановқа Татарстанмен бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін қосымша мүмкіндіктер туғызатын елде жүргізіліп жатқан ауқымды экономикалық реформалар мен нақты даму бағдарламалары туралы айтты.  


Татарстан Президенті жылы қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, қазақстандық серіктестермен ықпалдастықты нығайту жөніндегі бірқатар инвестициялық жобалар мен татар бизнесі жоспарының жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қабылдау #Президенттер #Жұмыс сапары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Кеше 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Кеше 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Кеше 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Кеше 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Кеше 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);