Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің...

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Саясат 09.09.2025, 15:51 578
Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттік қызметінің негізгі нәтижелері туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған міндеттері таныстырылды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Президентке ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар жөнінде баяндалды. Ведомство 24 миллиард теңгеден астам қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырған жалған компанияларды әшкерелеп, есірткі сатудан және алаяқтықтан түскен табыстарды жылыстатқан 20 заңсыз криптобиржа қызметін тоқтатқан. Сондай-ақ ТМД аумағындағы ең ірі криптосервис жойылды. Ол 20 Darknet алаңымен жұмыс істеп, 200-ден астам «наркошопты» қамтыған. 9,7 миллион долларға тең виртуалды активтер бұғатталды.

Президентке Қаржылық мониторинг агенттігі 720 қылмыстық істі тергеуді аяқтап, 15 ұйымдасқан қылмыстық топты, соның ішінде 3 трансұлттық топты жойғаны жөнінде ақпарат берілді. Бұдан бөлек, 17,1 миллиард теңге сомасындағы мұнай өнімдерін заңсыз шығару әрекеті тоқтатылды, заңсыз темекі өнімдерін дайындаған 2 жасырын цех және суррогат алкоголь өнімдерін өндіретін 16 цех әшкереленді. Көлеңкелі айналымнан 12 миллиард теңгеге бағаланған вейптер алынды. Жалпы құны 164 миллиард теңге болатын 63 инфрақұрылымдық жобадағы бюджет қаржысының мақсатсыз жұмсалуы және ауыл шаруашылығы саласындағы 11 миллиард теңгенің субсидияларын тиімсіз игеру деректері тоқтатылды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жалған стоматологиялық қызмет көрсету арқылы 200 миллиард теңгені заңсыз шығару фактілері анықталды.

Жанат Элиманов азаматтардың қаржылық мүдделерін қорғау бағытында қабылданған шаралар туралы әңгімеледі. Заңсыз микронесие беру деректері бойынша 23 тергеу ісі басталды. Оның шығыны 71 миллиард теңгені құрайды. 300 мыңнан аса қарыз алушының берешегін қайтару және есептен шығару жұмысы жүргізілуде, 112 мыңнан астам азаматты тартқан 45 қаржы пирамидасы таратылды, алаяқтық жобалар мен құмар ойындарға қатысы бар 31,5 мың сайт пен сілтеме бұғатталды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы ведомство қызметінің басты бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақорда #президент #қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика