AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Мемлекет басшысы Қайрат Келімбетовті қабылдады

Мемлекет басшысы Қайрат Келімбетовті қабылдады

Билік 15.03.2022, 12:25 1,510
Мемлекет басшысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады.


Президентке «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) былтырғы атқарған жұмыстарының қорытындысы, сондай-ақ шетелдік юрисдикциядан Қазақстан Республикасына капиталды қайтару және компанияларды елімізге қайта тіркеу жөніндегі тапсырмалардың орындалуы туралы есеп берілді.


Президент аталған үдерістердің аса маңызды екеніне назар аударып, олардың жүзеге асырылуы Қазақстанға ірі активтердің қайтарылуын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар қаржы орталығының аймақтық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін көрсететінін атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Қайрат Келімбетовтің айтуынша, қазіргі кезде АХҚО-да әлемнің 63 елінен 1236 компания тіркелген. Осы Орталық арқылы тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 6,2 миллиард долларды құрайды. АХҚО-ның Astana International Exchange (AIX) биржасы арқылы 321 миллион долларға жуық акционерлік капитал мен 1,65 миллиард долларды құрайтын борышкерлік капитал тартылған. 18 қазақстандық және 11 халықаралық брокер АХҚО биржасының сауда жөніндегі мүшесі саналады.


Мемлекет басшысына АХҚО-ның қаржы қызметтерін реттеу комитетінен лицензия алған компаниялардың саны былтыр екі есе өсіп, 46-ға жеткені туралы мәлімет берілді. Өткен жылы AFSA ислам банкіне және ислам қаржыландыру компаниясына алғаш рет лицензия берді. Бұдан бөлек АХҚО соты және Халықаралық арбитраж орталығы бірлесе отырып, 1000-нан астам даулы істерді қараған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақорда #қабылдау #қаржы орталығының басқарушысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Импорттың орнына өзіміздің көшеттер: Алматыда көгалдандырудың жаңа жүйесі қалыптасып келеді

Бүгін 18:46

Алматылық түлектер республикалық ағаш отырғызу акциясына қосылды

Бүгін 18:39

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

Бүгін 18:34

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 18:30

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 18:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика