AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Мемлекет басшысы полицейлер мен мемлекеттік қызмет...

Мемлекет басшысы полицейлер мен мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады

Билік 23.06.2025, 16:04 637 Сұлу
Мемлекет басшысы полицейлер мен мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде полицейлер мен мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Президент бүгін елімізде Полиция күні және Мемлекеттік қызметші күні аталып өтетінін айтып, оларды құттықтады. 

"Мемлекетке қызмет ету – ең құрметті әрі аса жауапты міндет. Сіздер заң мен тәртіпті сақтауға және азаматтардың құқығын қорғауға зор үлес қосып жүрсіздер. Қазір дүние жүзі алмағайып, бұлыңғыр, яғни, өте күрделі кезеңді бастан өткеріп жатыр. Осындай құбылмалы уақытта қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, заңның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету – айрықша маңызды міндет. Сол себепті бүгін біз алғаш рет осындай құраммен жиналып отырмыз. Құқық қорғау жүйесіндегі барлық жауапты құрылымдар жұмыла жұмыс істеуі қажет", - деді Президент. 

Сондай-ақ, ол елімізде "Заң мен тәртіп" қатаң сақталуына қоғам өкілдерінің қосар үлесі де орасан зор екенін еске салды. 

"Қазір осы жиынға орталық және жергілікті атқарушы орган басшылары, депутаттар, сарапшылар және белсенді азаматтар қатысып отыр. Күштік құрылымдарды жаңғырту ісінде жаңа буынның атқаратын рөлі ерекше. Сол себепті, бүгінгі басқосуға академиялардың курсанттары да арнайы шақырылды. Трансұлттық қылмыстық топтармен күресу үшін халықаралық ынтымақтастықты дамыту өте маңызды. Осы жерде бүгін шетелдік полиция атташелері отыр. Құқық қорғау органдарымен жүргізіп жатқан халықаралық ынтымақтастық жұмысы үшін сіздерге ерекше ризашылығымды білдіремін", - деді Тоқаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #Ақорда #полиция күні #құттықтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Кеше 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Кеше 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Кеше 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Кеше 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Кеше 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);