AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай...

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады

Саясат 22.06.2022, 09:23 1,398
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
Сурет: Akorda.kz.

Президент астана әкіміне тапсырма берді.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы ақпарат берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Президентке кезекте тұрған азаматтар үшін қолжетімді тұрғын үй құрылысын ұлғайту, жаңа мектептер салу арқылы үш ауысымды оқу проблемасын шешу, автомобиль көпірлері мен жолдар салу, үлестік құрылыс нысандарын аяқтау, газ тарту мәселесі, тұрғын-үй алаптарын дамыту, жеке инвестициялар тарту жөнінде баяндалды.


Алтай Көлгінов сорғы-сүзу станциясының (ССС-3) құрылысы туралы ақпарат берді. Қазір қаламыз тәулігіне 300 мың текше метр су тұтынады, ал ССС-3 іске қосылса, тәулігіне 100 мың текше метрден астам қосымша су береді.


Қала әкімінің айтуынша, жылумен жабдықтау қуатын арттыру үшін ЖЭО-3 құрылысы, газ қазандықтарын жобалау жұмысы жүріп жатыр. Газ қазандықтары іске қосылғанда, ЖЭО-3 қуаты 3 еседен де асатын болады. Бұл құрылысы жүріп жатқан болашақ аудандарды жылумен қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар кәріз тазарту құрылыстарын жобалау (КТҚ-2), инженерлік желілерді жаңғырту, қосалқы электр станцияларын жаңалау жұмыстары жүріп жатыр.


Президентке қаланы абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәлімет берілді. Биыл елордада тағы 200-ден аса аула мен қоғамдық демалыс орындары жаңартылады.


Мемлекет басшысы жалпы әкімдік жүргізіп жатқан жұмыстарды қолдады. Алтай Көлгіновке елорданың инфрақұрылымын дамытып, абаттандыру жұмыстарын жалғастыруды, қала тұрғындарының түйткілді мәселелерін шешуді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Қазақстан #Тоқаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Өнердегі өткір ой: Батыс Еуропада белгілі карикатурашы Ғалым Смағұлұлының көрмесі ашылды

Бүгін 11:29

Алматыда «Медеу» бөгетінің баспалдағына жыл сайынғы жүгіру жарысы өтеді

Бүгін 10:59

Синоптиктер қазақстандықтарға ескерту жасады

Бүгін 09:05

Іле Алатауы ұлттық паркіне – 30 жыл: тау экожүйелерін сақтау мәселесі халықаралық деңгейде талқыланды

Кеше 22:31

Елзат Ескендірдің «Әбілі»: өтпелі кезеңнің көркем келбеті

Кеше 21:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);