AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Linde GmbH компаниясының аға вице...

Мемлекет басшысы Linde GmbH компаниясының аға вице-президенті Оливер Пфаннды қабылдады

Саясат 30.09.2026, 17:45 298
Мемлекет басшысы Linde GmbH компаниясының аға вице-президенті Оливер Пфаннды қабылдады
Сурет: akorda.kz

Германия, Мюнхен қаласы

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Linde компаниясының отандық өнеркәсіпті дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Linde – өндіріске қажетті газдар мен инжиниринг саласындағы әлемдік жетекші компаниялардың бірі. Компанияның технологиясы металлургия, тау-кен, химия, энергетика, денсаулық сақтау, электроника салаларында және жоғары технологиялық өндірістерде кеңінен қолданылады.

Президент компанияның Қазақстанда инвестициялық құны 500 миллион долларға дейін бағаланатын бірқатар жобаны іске асыру жоспарын, соның ішінде Linde мен Qarmet арасындағы Теміртау қаласында жаңа ауа бөлу қондырғысының құрылысы бойынша келісімге қол қойылуын құптады.

Кездесу барысында мұнай химиясы өнеркәсібіндегі бірлескен жобалардың перспективасы қарастырылды. Мемлекет басшысы көміртегін тұтуға және сақтауға арналған Linde технологияларына айрықша тоқталып, компанияның сутегі инфрақұрылымын дамытуға ұмтылысы еліміздің «жасыл» экономика стандарттарына көшу міндетімен үндесетініне назар аударды.

Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау және Маңғыстау облыстарында мұнай химиясы мен химия кластерін дамыту қолға алынғанын атап өтті. Linde компаниясын келешегі зор осы жобаларға атсалысуға шақырды.

Оливер Пфанн компания жобаларына қолдау білдіргені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты. Сондай-ақ серіктестік аясын одан әрі кеңейтуге және елімізде жаңа өндіріс ошақтарын ашуға дайын екенін жеткізді.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #Қазақстан #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бакуде «Қазақтың дәстүрлі мәдениеті» атты халықаралық көрме ашылды

Бүгін 22:09

Зайсан әуежайында сертификаттау рәсімі басталды

Бүгін 21:25

Алматыда әуежайында жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды

Бүгін 18:58

Алматы мемлекеттік табиғи қорығында бүркіт фототұзаққа түсіп қалды

Бүгін 18:00

Алматыда діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен 44 жастағы ер адам ұсталды

Бүгін 17:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);