Мемлекет басшысы Халықаралық волонтер күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Халықаралық волонтер күнімен құттықтады Сурет: Akorda.kz

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық волонтер күнімен құттықтады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


– Бүгін – Халықаралық волонтер күні. Біз өзгеге қол ұшын беретін жандарды әрдайым құрметтейміз. Еріктілер мейірімділік пен сүйіспеншіліктің, тілектестік пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. «Адал азамат» тұжырымдамасының тірегі – осы мызғымас құндылықтар. Қоғамға пайдалы іс-шараларға атсалысатын, қайырымдылық жобаларын жүзеге асыратын және мұқтаж адамдарға қамқорлық танытатын барша азаматтарға алғыс айтамын. Сіздердің жасампаздыққа толы қызметтеріңіз – шынайы отаншылдықтың көрінісі. Мемлекет волонтерлерге қолдау көрсете береді, – деп жазды Президент өзінің Х парақшасына.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:33

15:20

15:08

15:03

14:53

14:32

14:23

14:09

12:35

12:30

12:16

11:59

11:43

11:36

11:26

11:01

10:46

10:38

10:21

10:10

10:05

09:58

09:46

09:35

09:27