конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Халықаралық серіктестік жөніндегі...

Мемлекет басшысы Халықаралық серіктестік жөніндегі еуропалық комиссар Йозеф Сикеланы қабылдады

Саясат 13.03.2025, 15:38 890
Мемлекет басшысы Халықаралық серіктестік жөніндегі еуропалық комиссар Йозеф Сикеланы қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағының жоғары мәртебелі өкіліне ілтипат білдіре отырып, еліміз маңызды сыртқы экономикалық және инвестициялық серіктес ретінде Ұйыммен жан-жақты стратегиялық ынтымақтастыққа басымдық беретінін айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

– Қазақстан Еуропа Одағының Орталық Азиядағы негізгі әріптесі болып қала береді. Cеріктестікті кеңейту және ынтымақтастық туралы келісім біздің көпжоспарлы өзара ықпалдастығымызды тереңдетудің берік негізін қалайды, – деді Мемлекет басшысы.

Йозеф Сикела кездесу үшін Президентке ризашылығын жеткізіп, Еуропа Одағы аймаққа айрықша назар аударып отырғанын атап өтті.

– Халықаралық серіктестік жөніндегі комиссар ретінде алғашқы сапарыма баса мән беремін. Орталық Азияның бес еліне келу жөнінде шешім қабылдауым бекер емес. Бұл – Еуропа Одағының Қазақстанмен және аймақтың басқа мемлекеттерімен анағұрлым терең әрі орнықты байланыс орнатуға ниетті екенін айқын көрсетеді, – деді еурокомиссар.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Йозеф Сикела көлік дәліздерін, логистикалық инфрақұрылымды, орнықты энергетика мен цифрлық шешімдерді дамыту бойынша қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан және жаңа экономикалық жобаларға ден қоя отырып, екіжақты күн тәртібінің нақты мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар өңірлік және жаһандық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, халықаралық аренадағы, соның ішінде «Орталық Азия – Еуропа Одағы» форматы аясында әдіс-тәсілдерді одан әрі үйлестіруге дайын екендіктерін растады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемлекет басшысы #Ақорда #қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда сайлаушылар белсенділігі бәсеңдеген жоқ: тұрғындар дауыс беруге келіп жатыр

Бүгін 17:40

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Құрылтай сайлауында дауыс берді

Бүгін 17:36

101 жастағы Кәмиля Досқалиқызы сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады

Бүгін 17:34

Құрылтай күніне орай «Алтын ханымдар» сән шеруі ұйымдастырылды

Бүгін 17:30

Алматыда джиу-джитсудан әлем чемпионатының жүлдегері Жібек Құлымбетова Құрылтай сайлауында дауыс берді

Бүгін 17:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);