AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Германияның экономикалық делегаци...

Мемлекет басшысы Германияның экономикалық делегациясын қабылдады

Саясат 06.09.2022, 06:50 1,559
Мемлекет басшысы Германияның экономикалық делегациясын қабылдады
Сурет: Akorda.kz.

Қазақстан Германия компанияларын елімізге тарту үшін қолайлы жағдай жасауға дайын.


Кездесу барысында Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорлаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Германия Үкіметі мен бизнесі өкілдеріне ілтипат білдіре отырып,  еліміз энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, білім, ғылым және техникалық бағыттағы кадрларды даярлау сияқты негізгі салалар бойынша серіктестікті тереңдетуге мүдделі екенін атап өтті. Қазіргі уақытта Үкімет 800 әлеуетті инвестициялық жобадан құралған жобалар пулын әзірледі. Сондай-ақ Қазақстан Германия компанияларын елімізге тарту үшін қолайлы жағдай жасауға дайын.



«Германия – Қазақстанның Еуропа Одағындағы ең маңызды серіктесі. Қазақстанда Германия капиталының үлесі бар 600-ден астам кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатыр. Сауда-саттықты арттырып, инвестиция көлемін ұлғайту үшін мол әлеует бар», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.




Сонымен қатар Президент Германияның техникалық мамандықтар бойынша кадр даярлау тәжірибесіне қызығушылық білдірді. Атап айтқанда, Қазақстан отандық мамандардың деңгейін көтеру үшін Германияның техникалық институттары өкілдіктерін, зертханаларын, ғылыми және құзырет орталықтарын ашу мүмкіндігін қарастырып жатыр.


Делегация басшысы Қазақстан мен Германияның үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Доминик Шнихельс екі елдің мемлекеттік органдары мен бизнес құрылымдары арасындағы іс-әрекет деңгейіне жоғары баға берді. Сондай-ақ ол германиялық компаниялармен жұмыс істейтін Үкіметтегі арнаулы топтың тиімділігін атап өтті. Делегация өкілдері неміс бизнесі Транскаспий көлік дәлізін дамытуға, кен орындарын игеруге және энергетикалық сектордағы ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық білдіретінін жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Қазақстан #Германия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда құқықтық мәдениет тақырыбын көтерген конференция өтті

Бүгін 10:35

Сейфуллин – Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысы аяқталды

Бүгін 10:18

Алматыда JAN Production киностудиясының директоры қамалды

Бүгін 09:10

Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:39

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);