AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтым...

Мемлекет басшысы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілін қабылдады

Саясат 24.06.2022, 07:02 1,472
Мемлекет басшысы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілін қабылдады
Сурет: Akorda.kz.

Президент Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының маңызды серіктесі екенін атап өтті.


Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро директоры Матео Мекаччиді қабылдады, деп хабарлайдыAlmaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Қасым-Жомарт Тоқаев Матео Мекаччиге ілтипат білдіре отырып, оның бұл сапары Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен арадағы қарым-қатынасты нығайту тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.


Кездесуде Қазақстан мен ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро арасындағы демократияны дамыту, адам құқықтары мен заң үстемдігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықтың жағдайы мен оны дамыту перспективалары талқыланды.



Президент Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Бюро арасында қол қойылған өзара түсіністік жөніндегі Меморандумды қолдады. Оның айтуынша, бұл құжат еліміздің Бюромен тығыз серіктестікті дамытуға дайын екенін және ЕҚЫҰ құндылықтарына бейілділігін растайды.


Қасым-Жомарт Тоқаев Бюро директорына Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды реформалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері жөнінде айтты.


Матео Мекаччи ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы аясында Қасым-Жомарт Тоқаевпен қызметтес болған кезеңді және бұдан бұрын Қазақстанға келген сапарларын ықыласпен еске алды.


Бюро директоры Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға әзір екенін атап өтіп, елімізбен өзара белсенді іс-қимылдың даму барысына көңілі толатынын айтты.


Сондай-ақ ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды қолдайтынын және Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының маңызды серіктесі екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Қазақстан #Тоқаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Кеше 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Кеше 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Кеше 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Кеше 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Кеше 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);