AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет басшысы екі майдангерге «Халық қаһарманы»...

Мемлекет басшысы екі майдангерге «Халық қаһарманы» атағын берді

Әлеумет 08.05.2023, 04:26 1,376 Аlmaty-akshamy.kz
Мемлекет басшысы екі майдангерге «Халық қаһарманы» атағын берді
сурет: akorda.kz

Ардагерлерге Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды.


Мереке қарсаңында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев соғыс ардагерлері Әбдіғали Қаймолдин мен Иван Гапичке «Халық қаһарманы» атағын беріп, оларды айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.



Мемлекет басшысының Жарлығымен 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі, батылдығы, жанқиярлығы мен соғыстан кейін мемлекеттік және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Әбдіғали Қаймолдинге «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды.




Қаймолдин Әбдіғали, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері


1921 жылы 30 маусымда Семей облысы Абыралы ауданы Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келген.


1941 жылы әскер қатарына шақырылды. 1941-1945 жылдың 9 мамыры аралығында Сталинград, 1-Украина, 1-Беларусь, 3-Балтық майдандарында шайқасты. 1946 жылдың маусым айында әскер қатарынан босатылған.


Аталған қызметтен кейін партияда және мемлекеттік органдарда жұмыс істеді. Әуелі КОКП Семей облыстық комитетінде, содан кейін Жаңасемей, Новопокровск аудандарының атқару комитетінде еңбек етті. 1977-1982 жылдары «Түрксіб» совхозы партия комитетінің хатшысы болып жұмыс істеді және осы жерден құрметті демалысқа шықты.


Қызыл жұлдыз және І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.



Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Жеңіс парадының қатысушысы Иван Степанович Гапичке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды.




Гапич Иван Степанович - Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері


1923 жылы 2 ақпанда Ақмола қаласында дүниеге келген.


Польшаны, Чехословакияны, Украинаны азат етуге қатысты. Бүкіл соғысты бастан өткерген майдангер фашистердің гарнизондары мен комендатураларын талқандаған, оқ-дәрі және азық-түлік қоймаларын жойған отрядтың жауынгерлік операцияларына қатысқан.


Қызыл жұлдыз және ІІІ дәрежелі Даңқ ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, «Прокуратураның құрметті қызметкері» төсбелгісімен, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, «Құрмет» орденімен, ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған. Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы.


1945 жылы 24 маусымда Қызыл алаңда өткен Жеңіс парадының қатысушысы. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан Президенті #Ақорда #9 мамыр #ардагерлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);