конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет басшысы Астана қаласындағы «SANA» оқушыла...

Мемлекет басшысы Астана қаласындағы «SANA» оқушылар сарайын аралап көрді

Әлеумет 04.10.2023, 06:58 1,328
Мемлекет басшысы Астана қаласындағы «SANA» оқушылар сарайын аралап көрді
Сурет: Akorda.kz

Бес қабатты заманауи ғимаратта 5-17 жас аралығындағы жеткіншіктерге арналған 60-тан астам үйірме мен спорт секциялары жұмыс істейді.


Олар техникалық шығармашылық, сәндік-қолданбалы өнер, әлеуметтік ғылымдар, музыка және хореография, спорт секілді бірнеше бағытқа бөлінген. Орталық бір мезгілде 700 баланы қабылдай алады, деп хабарлайды  almaty-akshamy.kz.

Аумағы 7500 шаршы метр ғимаратта соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған оқу кабинеттері, жүзу бассейні, акт залы, подкаст және фото студиялары бар.

Мемлекет басшысы Lego құрастыру, роботты техника, 3D-модельдеу және қыш өнері, ұрмалы аспаптар, домбыра үйірмесі кабинеттері мен жүзу бассейнін аралап көрді. Сондай-ақ Президент орталықтың оқытушыларымен, балалармен және ата-аналармен әңгімелесті.


– Әрбір қалада, ауданда осындай орталықтар ашылуы керек. Мен жақында бизнес өкілдерімен кездесу өткіздім. Бұл балалар үшін, өскелең ұрпақ үшін қажет. Сондықтан біз бұл мәселеге баса мән береміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



«SANA» жаңа ұрпақ орталығын «Damu Development Group» консорциумы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салған. Компания құрылтайшысы Абзал Сағымбаев алдағы уақытта бірнеше дамыту орталықтарын, әлеуметтік, денсаулық сақтау нысандарын салу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, 2029 жылға дейін елордада осындай 15 оқушылар сарайы бой көтереді. Оның ішінде 5 орталықтың құрылысы жуық арада басталады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сана #мемлекет басшысы #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы таулы аймақтарда сел жүруі мүмкін

Бүгін 12:42

Орал, Ақтөбе, Атырау тұрғындарына ескерту жасалды

Бүгін 11:20

"Қазгидромет" 4 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Бүгін 11:18

Алматы экобекеттерінде жыл басынан бері көлік шығарындыларының белгіленген нормадан асқан 13 мыңнан астам жағдайы анықталды

Кеше 17:01

Алматы педагогі «Ұстаз мәртебесі – Ұлт мерейі» республикалық байқауының жүлдегері атанды

Кеше 16:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);