Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Астана және Қазақстан митрополиті...

Мемлекет басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады

Саясат 01.07.2022, 08:13 1,525
Мемлекет басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады
Сурет: Akorda.kz.

Кездесу барысында дін саласындағы мемлекеттік саясат мәселелеріне сөз болды.


Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Православ шіркеуінің Қазақстанда бірлік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалап, дін саласындағы мемлекеттік саясат мәселелеріне тоқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қазақстан митрополиттік аймағының этносаралық және конфессияаралық диалогты дамыту, адамгершілік құндылықтарды ілгерілету жолында ауқымды жұмыс атқарып жатқанын атап өтті.


Президент қыркүйек айында әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтетінін айтты. Оның басты тақырыбы – адамзаттың пандемиядан кейінгі кезеңдегі рухани және әлеуметтік дамуында діни көшбасшылардың атқаратын рөлі. Қасым-Жомарт Тоқаев Патриарх Кириллдің аталған форумға қатысуы жаһандық дінаралық және өркениетаралық диалогқа тың серпін беретініне сенім білдірді.  


Өз кезегінде митрополит Александр Мемлекет басшысына кездесуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіріп, Қазақстан халқының игілігі жолындағы жаңғыруға бағытталған жасампаз реформаларды қолдайтынын жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Тоқаев #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Танымал әнші Абай Бегей сегізінші рет әке атанды

Бүгін 10:37

Алаяқтарға алданып қалғанын білген алматылық қария жүрегі шыдамай, көз жұмған

Бүгін 09:56

Сенбіде ел өңірлерінде ауа райы қандай?

Бүгін 09:31

Алматыда жігітті бір топ адам соққыға жыққан

Бүгін 08:57

«Алатау-Ақпарат» пен «Қызылжар-Ақпарат» арасында меморандумға қол қойылды

Кеше 18:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика