Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Марат Ахме...

Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановты қабылдады

Саясат 11.12.2023, 09:52 1,501
Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановты қабылдады
Сурет: Akorda.kz

 Марат Ахметжанов Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, өңір экономикасының бірқатар саласында оң нәтижелер бар екені туралы мәлімет берді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Сонымен қатар, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 530 миллиард теңгеге жеткенін сөз етті. Оның ішінде жеке инвестиция 435 миллиард теңгеден асқан. 154 жоба іске асырылып, 1,5 мың жұмыс орны ашылған.


Облыс әкімі Президентке шаруаларды қолдау және қайта өңделген өнім үлесін арттыру шаралары тұрақты түрде қабылданып жатқанын айтты. Жыл басынан бері өсімдік майы, өңделген ет, сүт, май, ірімшік және сүзбе сияқты азық-түлік түрлерін өндіру көрсеткіші өскенін, Макинск құс фабрикасының 3-кезеңі іске қосылғанын және «Ақ-Дала Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік қуаты кезең-кезеңімен артып келетінін хабарлады. Бұл облыстың құс етін өндіру бойынша елімізде көшбасшы өңірлердің біріне айналуына мүмкіндік берген.


Облыс басшысы жылыту маусымының барысы туралы баяндады. Бүгінгі күні барлық коммуналдық қызметтің жұмысы қатаң бақылауға алынғанын, Көкшетау және Степногорск қалаларындағы нысандар кезең-кезеңімен жаңғыртылғанын жеткізді. Көкшетау қаласын дамытуға қатысты бас жоспардың жобасы әзірленгені туралы ақпарат берді. Бұл жоба қаланың экологиялық және инфрақұрылымдық мәселелерін шешуді көздейді. Халықтың тұрмысын жақсартуға және іргелес миграцияны төмендетуге ықпал ететін Агломерацияны дамыту жөніндегі жаңа кешенді жоспардың жобасын таныстырды.


Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді одан әрі дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жобаларын іске асыру, инвестиция тарту, сондай-ақ Ақмола облысының қалаларын жылумен үздіксіз қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#саясат #Ақмола облысы #әлеумет #әкім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық шахматшы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

Бүгін 14:53

АЭС салынатын жаңа өңір аталды

Бүгін 14:26

Алматының Алатау ауданында Оңғарсынова көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 14:04

Еліне қызмет етуді өмірлік ұстаным еткен азамат

Бүгін 12:43

Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 12:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика