AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет басшысы Almaty TV телеарнасының мерейтойы...

Мемлекет басшысы Almaty TV телеарнасының мерейтойымен құттықтады

Әлеумет 20.06.2024, 15:32 691 Almaty-akshamy.kz. 
Мемлекет басшысы Almaty TV телеарнасының мерейтойымен құттықтады
Almaty TV
 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Almaty TV ұжымын телеарнаның 25 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Мемлекет басшысы тілек хатында телеарнаның ширек ғасыр ішінде көптеген бірегей жобаларды жүзеге асырып, игі бастамалар алаңына айналғанын атап өтті. Almaty TV арнасында көрермендердің көңілінен шыққан ақпараттық, сараптамалық және мәдени-танымдық бағдарламалар аз емес.  

«Бүгінде «Almaty» телеарнасы өз аудиториясы қалыптасқан республикалық медиақұрылымға айналды. Ұжым өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып келеді. Сіздер алдағы уақытта да ел мүддесі үшін қызмет етіп, телевизия саласын заман талабына сай дамытуға үлес қоса бересіздер деп сенемін. Ұжымға толағай табыс және шығармашылық шабыт тілеймін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Сондай-ақ телеарна ұжымын Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-министр Олжас Бектенов, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, тағы басқалар құттықтады.

Салтанатты жиын барысында арнаның барлық қызметкерлеріне алғыс хаттар мен ведомстволық марапат тапсырылды.  

1999 жылы Almaty TV негізі қаланды. 2022 жылдың тамызынан бастап телеарна мемлекеттік мәртебеге ие болды. Сол жылы Almaty TV телеарнасына ребрендинг жасалды.

Соңғы екі жылда телеарна рейтингі 70% пайызға өсті. «K Research Central Asia» мәліметтері бойынша соңғы жылы бірегей көрермен саны 4,2 млн болып, мемлекеттік тілдегі өзіндік өндіріс мөлшері 83% жетті.

Телеарна ұжымы мерейлі жылы әлеуметтік және қайырымдылық бағытындағы 40 шақты іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Мысалы, жаңалықтар эфирінде «25 қайырымды іс» айдары, ал digital-платформада балаларға арналған «Арманыңа жет» атты жоба жарыққа шықпақ.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Almaty TV #мәдениет #телеарна #Мерейтой
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);