Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мектептерде жаңашыл менеджерлер пайда болады

Мектептерде жаңашыл менеджерлер пайда болады

Әлеумет 05.08.2025, 12:22 541
Мектептерде жаңашыл менеджерлер пайда болады
gov.kz

Мектеп директорларының жетіспеушілігі үш есе қысқарды: Ғани Бейсембаев оларды тамыз айында толық тағайындауды тапсырды 

Оқу-ағарту министрінің төрағалығымен облыс әкімдерінің орынбасарларымен өткен кеңесте мектеп директорларын бос лауазымдарға тағайындау мәселесі қаралды. 

2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектептерде басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» стратегиялық жобасын іске асырып келеді. Екі жыл ішінде іріктеудің барлық кезеңдерінен сәтті өткен 583 кандидат республикалық кадр резервінің құрамына енді. 2025 жылы тағы 400 үміткер оқудан өтуде. 

Жобаны іске асыру барысында мектеп директорларының тапшылығы үш есеге қысқарды. Өңірлердің басым бөлігі басқарушы лауазымдарына арнайы дайындықтан өткен мамандарды тағайындау арқылы кадрлық резервтің мүмкіндіктерін тиімді пайдаланады.  Одан бөлек, 4 мыңға жуық директор «Өрлеу» БАҰО-да қысқа мерзімді курстардан өтті, бұл мектептердегі басқару әлеуетін нығайтуға және білім беру жүйесіндегі менеджмент сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

«Жоба айтарлықтай нәтиже берді, мектептерде жаңашыл, ынталы менеджерлер пайда болады. Енді бұл процесс жүйелеп, қалған барлық бос жұмыс орындарға басқарушы кадрларды тағайындауды тамыз айында аяқтау маңызды. Бұл – директорларды тағайындау ғана емес, сонымен қатар білім берудегі басқару мәдениетін жүйелі түрде жаңарту. Аталған бағыттағы жұмыстар нақты өзгерістер мен білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді», – деді Ғани Бейсембаев.

Министрдің айтуынша, бірқатар өңірлерде кадр резервінің әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Мәселен, Алматы, Қарағанды, Абай, Павлодар және Түркістан облыстарында басқарушы кадрларға қажеттілік басым. Министр тамыз айында қалған бос жұмыс орындарына тағайындауды аяқтау туралы тапсырманың орындалуына облыстық білім басқармаларының басшылары дербес жауапты болатынын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғани Бейсембаев #мектеп #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Кеше 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Кеше 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Кеше 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Кеше 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Кеше 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика