Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» мейірімділікке бастайды

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» мейірімділікке бастайды

Әлеумет 26.08.2021, 09:19 1,323
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» мейірімділікке бастайды
almaty-akshamy.kz

Оқу жылының қарсаңында шаһарда «Мектепке жол» республикалық акциясы белсенді түрде өтуде.


Қайырымдылық жобасының мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға нақты көмек көрсету болып табылады. Акцияға қала кәсіпкерлері, мәслихат депутаттар, қайырымдылық қорлары көмек қолын созуда. Алматы қаласы мәслихатының депутаты Ерболат Қасымов та бұл шарадан шет қалмай, оқушыларға қажетті құралдарды табыс етті. Іс-шара Nur Otan партиясының қалалық филиалында өтті. Онда көмекке мұқтаж оқушыларға мектепке қажетті құралдар табысталды.



«Біз рюкзактар мен кеңсе тауарларынан басқа, оқушыларға отандық өндірушіден мектеп формасын сатып алуға сертификаттар ұсындық. Егер біз табыстаған формалар міндетті болып табылмаса, олар келесі жылдың соңына дейін жарамды болады», – дейді мәслихат депутаты Ерболат Қасымов.



Оның айтуынша, биыл көмекке жүгінген балалардың жалпы саны – 114. Олардың барлығына дерлік көмек көрсетілді. Карантиндік шектеулерге байланысты бұл рәсімге тек 16 бала қатысқан. Дегенмен қалғандары оқу жылының басында, яғни тамыз айының аяғына дейін қажеттінің бәрін ала алады деді. Ата-аналар депутаттарға осындай қамқорлық үшін ризашылығын білдірді, өйткені олардың көпшілігі өз бетінше балаларының қажеттіліктерін өтей алмайтындығын айтты. Себебі, бір отбасында кемінде 3 баланың мектепке баратынын, әрқайсысына жабдықтар алу қомақты қаржыны талап ететінін айтып ағынан жарылды.



– Мен бұл акцияны ұйымдастырғандарға және оған қатысатындардың барлығына алғыс айтамын. Біз, ата-аналар, шынымен де осындай көмекке мұқтажбыз. Ұлым жаңа оқу құралдарына өте риза және оқу жылының басталуын асыға күтуде, – деп қуанышымен бөлісті алматылық Динара Қасымжан.



Ұйымдастырушыларға Елена Гогулина да ерекше ризашылығын білдірді.



– Шынымды айтсам, мен партиядан басқа мәселе бойынша көмек сұрадым, бірақ менің отбасылық жағдайымды білгеннен кейін олар маған оқу құралдарын сатып алуға көмектесті, сол үшін бәріне үлкен рахмет, – дейді Елена Гогулина.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Nur Otan #мектеп #қайырымдылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика