ffin.kz

«Мектепке жол» акциясы Алматы облысында қалай өтуде

«Мектепке жол» акциясы Алматы облысында қалай өтуде Cурет: Inbusiness.kz

Алматы облысында бүгінгі күні «Мектепке жол» акциясымен демеушілік қаражат есебінен 12 905 балаға  121 762 455 теңге көлемінде көмек көрсетілді.


Дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы аясында Алматы облысында аз қамтылған және көп балалы отбасы балалары қажетті заттармен қамтамасыз етілді. деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Jetisy media»-ға сілтеме жасап.


Биылғы оқу жылын барлығы асыға тосқаны анық. Пандемия салдарынан бір жарым жыл онлайн оқу форматы жүргізілген еді. Енді міне дәстүрлі жүйе қайтып оралды. Республика мектептерінің жұмысы қайта жанданып санитарлық талаптармен үрдіс жалғасуда. Білім маусымына әзірліктің ең ауқымдысы «Мектепке жол» бастамасы. Алматы облысында бүгінгі күні «Мектепке жол» акциясымен демеушілік қаражат есебінен 12 905 балаға  121 762 455 теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, облыстық білім басқармасының ұйытқы болуымен «Балаларға қамқорлық» акциясы жарияланған. Ол арқылы 40-тан астам бүлдіршін басқармалардан 1 180 000 теңге көлемінде көмекке ие болды.
«Атамекен кз» порталы бойынша демеушілер, басқарма басшылары 17964 балаға 170 622 000 теңге сомада материалдық көмек берді.
Ал 16594 баланы кеңсе тауарларымен және мектеп формасымен қамтамасыз ету мақсатында жаппай оқыту қорынан 414 млн 850 мың теңге бөлінді. Ал, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы АӘК алатын отбасылардан шыққан 27 937 балаға көмек көрсетеді. Айта кеткен жөн, аймақта 66 шалғай елді мекеннен оқушылар тасымалмен білім алады. Биыл тиісінше оларды тасымалдап оқыту сәтті ұйымдастырылып отыр. Бұл мақсатта өткен жылы жергілікті бюджет есебінен 71 автобус сатып алынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02