Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мектеп бухгалтері 30 млн теңгеден астам ақша ұрлағ...

Мектеп бухгалтері 30 млн теңгеден астам ақша ұрлаған

Әлеумет 07.08.2024, 16:13 903
Мектеп бухгалтері 30 млн теңгеден астам ақша ұрлаған
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы білім басқармасының мониторингі мектеп бухгалтерінің 30 млн теңгеден астам ақша ұрлағанын анықтады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматыда білім басқармасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне бюджеттік ақшаны ұрлау туралы істі ашуға көмектесті

«Мониторинг нәтижелері бойынша Алматы қаласының білім басқармасы ағымдағы жылдың наурыз айында «№5 мектеп гимназиясы» КММ-нің 11 қызметкерінің банктік карточкалық шоттарына 2023 жылдың сәуірі мен ақпан айы аралығында жалпы сомасы 34 271 330 теңгеге артық белгіленген жалақы нормасын есептеу және аудару заңнамасының нормаларын бұзу фактісін анықтады. Материалдар Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне берілді», - деп хабарлады Алматы қаласының білім басқармасы. 

Берілген материалдар негізінде ҚР ҚК 189-бабы бойынша мектептің бас бухгалтері А.И. қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Сотта мектептің бас бухгалтері «№5 мектеп-гимназия» КММ-де нақты жұмыс істемейтін тұлғалардың карточкалық банктік шоттарына еңбек келісімдерімен белгіленген үстемеақыларды және жалақы ретінде бюджет қаражатын заңсыз есептеу және аудару жолымен бюджет қаражатын ұрлау фактісін толық растады.

Сондай – ақ, cотқа дейінгі және сот тергеуі барысында сотталушы мүліктік залалды толық көлемде-38 060 353 теңгеге өз еркімен өтеді.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі Әуезов аудандық сотының 2024 жылғы 22 шілдедегі үкімімен ол 7 жылға шартты түрде сотталды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мектеп директорына қатысты тәртіптік жаза шараларын қолдану туралы мәселе еңбек демалысынан шыққаннан кейін шешілетін болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім басқармасы #Сыбайлас жемқорлық #бюджеттік ақша
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балуандар 12 алтын медаль алды

Бүгін 18:30

2027 жылы қазақстандық оқушылар жаңа тест тапсырады

Бүгін 17:50

Қазақстанда «Мейірімділік апталығы» басталды

Бүгін 17:23

«Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімұлының есімі беріліп, «Үздік логотип» байқауы жарияланды

Бүгін 16:45

Алматы әкімдігінде тұрғын үйлердің қасбетін жаңарту бағдарламасы егжей-тегжейі таныстырылды

Бүгін 16:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика