Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Мектеп бітіру кешіне жинаған ақшасын жарысқа жұмса...

Мектеп бітіру кешіне жинаған ақшасын жарысқа жұмсап, жүлдемен оралған жас спортшымен сұхбат

Барлығы 18.06.2025, 11:10 1,130
Мектеп бітіру кешіне жинаған ақшасын жарысқа жұмсап, жүлдемен оралған жас спортшымен сұхбат
Коллаж: aqshamnews.kz

Әлеуметтік желіде өзінің мектеп бітіру кешіне жинаған ақшасын дзюдодан жарысқа жұмсап, Азия кубогінде Қазақстан намысын қорғаған бозбаланың оқиғасы көпшіліктің жүрегін жылытты. Aqshamnews.kz тілшісі жас спортшымен тілдесіп, оқиға жайлы тереңірек білді. 

Сән-салтанатты кештен бас тартып, ел намысын қорғауға Ташкенттегі жарысқа аттанған баланың есімі - Ерасыл Болатбек. Алматы қаласы, №5 мектеп-гимназиясының түлегі.  Дзюдомен 10 жасынан бері айналысады. Желіде тараған видеоны Ерасылдың жаттықтырушысы жариялаған. 

"Шешімім үшін еш өкінбеймін"

Ерасыл отбасының тұңғышы. Өзінен кейін інісі мен екі қарындасы бар. Спортқа қызығушылығы ата-анасының бағыт беруімен оянған. Ол "мектеп бітіру кешіне жұмсайсың" деп берген ата-анасының ақшасын жарысқа жұмсап жібергеніне еш өкінбейтінін айтты. Ол Ташкентте өткен Азия кубогінде қол жүлде иеленген. 

"Бұл спортқа ата-анамның жол сілтеуімен бет бұрған едім. Қазір бұл менің өмірлік жолыма айналды. Мектеп бітіру кешіне арналған ақшаны ата-анам берген. Оны жарысқа баруға жұмсадым. Бұл мен үшін маңыздырақ болды. Солайша қола жүлде иелендім. Бұл шешіміме еш өкінбеймін", – дейді жас спортшы.

17 жастағы Ерасылдың жетістіктері де аз емес. Ол 2023 жылы Өскеменде өткен Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері, 2025 жылы Оралда өткен Қазақстан чемпионатының жеңімпазы, Ташкентте өткен Азия кубогінің қола жүлдегері.

"Мақсатым - Олимпиада чемпионы болу"

Қазір Ерасыл Грузияда тәжірибе алмасуға бағытталған оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. Жас спортшының басты мақсаты – Олимпиадаға қатысып, ел намысын абыроймен қорғау.

"Спортты соңына дейін қуып, Олимпиада чемпионы болғым келеді. Ал бос уақытта серуендегенді, жаңа елдерге саяхаттағанды, тәжірибе жинауды жақсы көремін", – дейді Ерасыл. 

Жұрт жүлдеге көрімдік жіберген

Көпшіліктің ерекше ықыласына бөленген Ерасыл әлеуметтік желіде тарап кеткен видеодан кейін ел қолдауын айқын сезінген. Бірақ ешкімнен көмек сұрамағанын айтады.

"Мен ешқандай қаржылай көмек сұраған жоқпын. Бірақ адамдар өздері көрімдік деп банк картама ақша аударып, тілектерін білдіріп жатты. Бұл мен үшін үлкен қолдау", – дейді спортшы.

Айта кетейік, мектеп бітіру кешіне арналған қаржыны Ерасылға ата-анасы берген. Алайда ол бұл кешке бармайтынын алдын ала білген.

"Мектеп бітіру кешіне бәрібір қатыса алмаймын. Себебі дәл сол уақытта ұлттық құрамада оқу-жаттығу жиыны өтеді. Ақша мәселесінен емес, спорт мен үшін бірінші орында", – дейді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #мектеп бітіру #спортшы #дзюдо
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика