Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / «Медеу» спорт кешенінің 50 жылдығына арналған мере...

«Медеу» спорт кешенінің 50 жылдығына арналған мерекелік шара өтеді

Өмір-өзен 23.12.2022, 09:10 1,509
«Медеу» спорт кешенінің 50 жылдығына арналған мерекелік шара өтеді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұл шара 25 желтоқсанға белгіленген.


Алматыдағы «Медеу» биік таулы спорт кешенінің 50 жылдығына орай мұз айдыны аумағында салтанатты мереке өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматылықтар мен қала қонақтары мәнерлеп сырғанаудан танымал спорт жұлдыздары Роман Костомаров, Евгения Медведева, Татьяна Тотьмянина, Максим Маринин, Оксана Домнина, Максим Шабалин және Морис Квителашвилидің қатысуымен болатын шоуды тамашалайды.     


Мұз айдыны аумағында бірқатар көңіл көтеретін интерактивті алаңдар мен тарихи аймақтар  болады.


Мереке көрнекті қазақ спортшылары мен жаттықтырушыларының шеруімен  ашылады. Сондай-ақ мұз айдынында өзінің ерекше бағдарламасымен қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 жылғы Қысқы Универсиаданың күміс жүлдегері және II Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева өнер көрсетеді.



Мереке аясында Анастасия Игнатьеваның дирижерлік етуімен аты аңызға айналған «Мұзды симфония» мұз балеті мен Илья Овербухтың «Жүрек те жанып тұр» гала-шоуы өтеді. Сондай-ақ, қонақтар қазақтың тұңғыш мұз шоуы «Olumpic Show» қойылымын тамашалай алады.    



Мерекенің шарықтау шегі -қазақстандық  әртіс әрі әнші Молданазардың кешкі концерті. «Медеу» биік таулы спорт кешенінің салтанаты мерекелік түнгі отшашумен аяқталады.


Өтетін күні мен уақыты: 25 желтоқсан күні сағат 13:30-да баспасөз мәслихаты болады, мерекелік бағдарлама сағат 15:00-де басталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Медеу #спорт #шара
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13

Алматы дәрігерлері күрделі трихобезоарға сәтті ота жасады

Бүгін 16:48

Алдағы күндері Алматыда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:40

Тоқаев ҚМА төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Бүгін 16:15

Үкімет Конституцияны түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

Бүгін 15:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика