конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / «Медеу» мұз айдыны сенбі күні ашылады

«Медеу» мұз айдыны сенбі күні ашылады

Не? Қайда? Қашан? 29.10.2024, 10:42 2,977
«Медеу» мұз айдыны сенбі күні  ашылады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

«Медеу» мұз айдынының жаңа маусымы ашылған күні келушілер үшін салтанатты бағдарлама мен концерт қарастырылған

 

Алматыда 1 қарашада «Медеу» мұз айдыны техникалық режимде іске қосылады, оған барлық тілек білдірушілер сеанс кестесіне сәйкес бара алады. 2 қарашада «Медеу» биік таулы мұз айдынында жаппай сырғанаудың жаңа маусымының салтанатты ашылуы өтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Салтанатты ашылу бағдарламасы сағат 12:00-ден 15:30-ға дейін жалғасады.

Келушілер үшін қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама қарастырылған. Кешкі сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін қонақтар конкурстарға қатысып,  кешті жүргізуші мен диджейдің сыйлықтарын алады және дискотекаға қатысады. 

Жаңа маусымда келушілерді күнделікті жаппай сырғанау сеанстары, мерекелік іс-шаралар және спорттық жарыстар күтеді. Ниет білдірушілер конькиді жалға алып, демалыс аймағын пайдалана алады. Қонақтарға ыңғайлы болу үшін мұз айдыны аумағында фастфуд пункттері ұйымдастырылады. 

Алматы қаласы спорт ғимараттарының дирекциясы қала тұрғындары мен қонақтарына кассалардағы кезектерді болдырмау және турникет жүйесі арқылы жылдам өтуді ұйымдастыру, кептелістер мен тұрақ қиындықтарын болдырмау үшін билеттерді www.medeu.kz ресми сайт арқылы сатып алуды және қоғамдық көліктерді пайдалануды ұсынады. 

Ашылу күні №12 автобус бағытын «Медеу» биік таулы мұз айдынына дейін ұлғайту жоспарлануда. Автобустар жұмыс күндері сағат 8:00-ден 00:00-ге дейін және демалыс күндері сағат 8:00-ден 01:00-ге дейін жүреді. 

Көлік жүретін орындарды 2GIS қызметінен табуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Медеу #мұз айдыны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінісін алдын ала анықтайтын жаңа орталық ашылды

Бүгін 17:10

Аймағамбетовтен 6 кеңес

Бүгін 16:10

Алматыда жатақханасыз қалған студенттерге көмектесетін орталық ашылды

Бүгін 16:10

Алматыда Спорт күніне орай Red Bull Dance Your Style би баттлдары өтті

Бүгін 15:08

Бес жылды айқындайтын бір күн: 23 тамызда неге шет қалуға болмайды?

Бүгін 15:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);