Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Медеу ауданында жағалаулар мен шағынаудандар ретке...

Медеу ауданында жағалаулар мен шағынаудандар ретке келтіріліп жатыр

Өмір-өзен 09.09.2022, 05:39 1,582
Медеу ауданында жағалаулар мен шағынаудандар ретке келтіріліп жатыр
Сурет: Wikipedia.org

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айдос Нұрлыбаев толық айтып берді.


Спикердің мәліметінше, өткен жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Медеу ауданында 19 жоба іріктелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Олардың ішіндегі ең ірісі – Тіксай өзенінің жағалауын абаттандыру бойынша 3 жоба. Бұл жұмыстар әлі де жалғасуда.



«Шақшақ Жәнібек көшесінен Тәттібеков көшесіне дейін Кіші Алматы өзені бойында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды аяқтаудың болжамды мерзімі - ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңы. Экология және қоршаған орта басқармасының желісі бойынша Есентай өзенінің су бөлгішінен Жамақаев көшесіне дейін (1,2 км) су қорғау белдеуі учаскесі бойынша жұмыстар және Алматы хайуанаттар саябағындағы тазарту құрылыстарын пайдалана отырып, тоғандарды абаттандыру жүргізілуде. Жобаны іске асыру аясында жағалауды бекіту, жаяу жүргіншілер жолын орнату және абаттандыру жұмыстары аяқталды», - деп хабарлады Айдос Нурлыбаев.



Медеу ауданының құрамына жаңадан қосылған аумақтар кіргені белгілі. "Мұзтау", "Көлсай", "Сұлусай", "Кеңсай", "Думан" шағынаудандарында және Каменск үстіртінің тұрғын алабында сумен жабдықтау және су бұру желілерінің болмауы аудан үшін үлкен мәселелері болып қалып отыр.


А. Нұрлыбаевтың айтуынша, 2021 жылы «Мұзтау» және «Көлсай» шағынаудандарында 32 км сумен жабдықтау және су бұру желілері салынды.


Осы шағын аудандарды су көзімен қамтамасыз ету үшін бүгінгі күні «Балқаш» су жинау станциясына дейін қосатын магистральдық желі жобасын әзірлеу жүргізілуде. Келесі жылдың сәуір айында жұмысты бастау жоспарланып отыр.


«Сұлусай» шағынауданы бойынша - қазіргі уақытта «Алматы Су» МКК ұңғымаларды бұрғылау арқылы магистральдық су құбыры және кәріз желілерін салу бойынша жобаға түзету жүргізілуде. Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы 2023 жылға жоспарланған.


«Кеңсай» шағынауданында М.Шоқай және Сәрсенбаев көшелерінде сумен жабдықтау және су бұрудың магистральдық желілерін салу бойынша жоба әзірленді. Алайда, бау-бақша серіктестіктерінің тар көшелері жағдайында жеті метрлік инженерлік дәліздің болмауына байланысты тарату желілерін салу үшін мүмкіндік жоқ. Жобаны одан әрі іске асыру тұрғындарға байланысты. Дәлізді ұсынған кезде бір мезгілде сумен жабдықтау және кәріз желілерін салу жоспарланған.


«Каменское плато» шағынауданы ішінара орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Сумен жабдықтау желілерін, резервуарларды және сорғы станцияларын салу бойынша жоба дайын. Іске асыру жобасы 2 кезеңде есептелген. Бірінші кезең бойынша - 3 алаңда резервуарларды салу бойынша жұмыстар 70%-ға орындалды.


Екіншісі бойынша ұзындығы 15 км болатын сумен жабдықтаудың таратушы инженерлік желілерінің құрылысы қарастырылуда, бірақ бұл жерде Кенсай шағын ауданындағыдай көшелердің тарлығы мәселесі туындауына байланысты жұмыстар басталған жоқ. Кәріз бойынша мердігерлік ұйыммен шарт жасалды (ұзындығы 13,4 км). Қазіргі уақытта жұмыстар тоқтатылды, себебі дәліз жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Медеу #аудан #жағалау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда үндістандық дәріні пайдалануға тыйым салынды

Бүгін 10:08

Қазақстан қысқы Олимпиадада үздік 20 елдің қатарына енді

Бүгін 09:49

Алматы кітапханасында Олжас Сүлейменовтің құрметіне әдеби кеш өтті

Бүгін 09:44

«Қайрат» жаңа маусымға дайын: Анарбеков №1, Сәтпаев №10 жейдемен өнер көрсетпек

Бүгін 09:36

Алматының Медеу ауданында жедел жәрдем қосалқы станциясы жаңартылды

Бүгін 09:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі