Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Мбаппе Алматыға келеді: «Қайраттың» ЧЛ-дағы қарсыл...

Мбаппе Алматыға келеді: «Қайраттың» ЧЛ-дағы қарсыластары анықталды

Спорт 28.08.2025, 21:33 806
Мбаппе Алматыға келеді: «Қайраттың» ЧЛ-дағы қарсыластары анықталды
“Қайрат” ФК

28 тамызда, 2025/26 маусымындағы Лига чемпиондарының негізгі кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Жеребе тартуға 36 клуб қатысты, олардың қатарында алматылық «Қайрат» бар. Бұл - клуб тарихындағы алғашқы негізгі кезеңге жолдама. 

«Қайрат» жеребе тарту алдында төртінші себетке түсті.

Оның бірінші қарсыласы - «Реал Мадрид». Клуб Алматыға келеді. 

Ал екінші қарсыласы - италиялық «Интер» футбол командасы. Бұл жолы «Қайрат» Италияға қонаққа барады. 

Келесі қарсыласы - «Арсенал». «Қайрат» Ұлыбританияға, Лондонға барады. 

Төртінші қарсыласы - «Брюгге». Белгиялық футбол клубы Алматыға келеді. 

Бесінші қарсыласы - «Спортинг», Лиссабон, Португалия.  «Қайрат» қонаққа барады.

Алтыншы қарсыласы -  «Олимпиакос», грекиялықтар Алматыға келеді. 

Жетінші қарсыласы -  «Пафос», кипрлықтар Алматыға келеді. 

Соңғы қарсыласы -  «Копенгаген»,  «Қайрат» Данияға қонаққа барады.

Күнтізбе 30 тамызда жарияланады. 

Айта кетейік, алғашқы себетке түскен қарсыластардың қатарында әлемдік футболдың алып клубтары бар: «ПСЖ», «Реал Мадрид», «Манчестер Сити», «Бавария», «Ливерпуль», «Интер», «Челси», «Боруссия Дортмунд» және «Барселона».

Жеребе тарту рәсімінің тікелей көрсетілімі Qazsport телеарнасынан көрсетілді. 

Еске салайық, алматылық команда Лига чемпиондарының плей-офф кезеңіндегі жауапты матчта шотландиялық «Селтикпен» тең ойнаған болатын (0:0). Нәтижесінде «Қайрат» пенальти сериясында 3:2 есебімен жеңіске жетіп, қақпашы Темірлан Анарбековтың ерлігі арқасында негізгі кезеңге өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қайрат #Қайрат ФК #спорт #футбол #УЕФА
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық депутаттар 15 наурызда өтетін референдумға қатысуды қолдады

Бүгін 11:29

Алматылық боксшылар дауыс беруге барады

Бүгін 11:08

Алматылық актерлер жаңа конституция туралы пікір білдірді

Бүгін 11:04

Алматыда «Jas Stars» атты концерт өтеді

Бүгін 10:46

Алматы қаласында ойын-сауық орындарының бірінің қызметін уақытша тоқтатты

Бүгін 10:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі