AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Мас күйінде көлік басқару – үлкен қауіп төндіреді.

Мас күйінде көлік басқару – үлкен қауіп төндіреді.

Заң мен тəртіп 05.01.2025, 15:51 825 Bakyt
Мас күйінде көлік басқару – үлкен қауіп төндіреді.
Polisia.kz
 

2025 жылдың қаңтар айының алғашқы күндерінде Павлодар облысының полицейлері мас күйінде көлік басқарған төрт жүргізушіні ұстады. Барлық құқық бұзушыларға қатысты материалдар сотқа жіберілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

5 қаңтар күні Павлодар қаласының Толстой көшесінде Hyundai Accent автокөлігінің ерекше маневрлері полицейлердің назарын аударды. Тексеру барысында көлік жүргізушісінен алкогольдің өткір иісі сезілді. Ол достарымен қонақта ішімдік ішкенін мойындап, жағдайын жасырмады.

Сол күні Естай көшесіндегі 142 үйдің жанында Nissan Gloria автокөлігі тоқтатылды. Оның жүргізушісі де мас күйінде болғаны анықталды. Медициналық куәландыру жүргізушілердің спирттік ішімдік пайдаланғанын растады.

Барлық ұсталған көліктер арнайы тұраққа қойылып, жүргізушілерге қатысты материалдар сотқа жіберілді. Полицейлердің айтуынша, мас күйінде көлік басқару – жол қозғалысына қатысушылар үшін үлкен қауіп төндіреді.

Ішкі істер органдарының басты мақсаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау.
– Мас күйінде көлік басқару – тек заң бұзушылық емес, сонымен бірге басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіп. Әрбір құқық бұзушы өз әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылады. Бұл оқиға барлық жол қозғалысына қатысушыларға тәртіптілік пен жауапкершіліктің маңыздылығын еске салады, – деп атап өтті құқық қорғау органдары.

Полицейлер азаматтарды заң мен тәртіпті сақтауға және көлік басқару кезінде ішімдік ішуден аулақ болуға шақырады. Жолдағы қауіпсіздік баршаға ортақ жауапкершілік.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жаңа жыл #полиция #Тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксшылар Сербиядағы турнирде жеті медаль жеңіп алды

Бүгін 18:32

Өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі кикбоксингтен әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:29

Қазақстандық оқушылар OIBO-2026 халықаралық ашық биология олимпиадасына қатысуда

Бүгін 18:26

Мәдениет шамы сөнбесін

Бүгін 17:36

Астанада «Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);