Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Марат Пашимов: Бәсекеге қабілетті болғысы келетін...

Марат Пашимов: Бәсекеге қабілетті болғысы келетін маман дамып, үздіксіз оқуы керек

Медицина 09.09.2024, 15:27 805
Марат Пашимов: Бәсекеге қабілетті болғысы келетін маман дамып, үздіксіз оқуы керек
aqshamnews.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында білікті медициналық мамандардың тапшылығы мәселесінің өзектілігін және медицина саласындағы білім сапасын барынша арттыру қажеттігін атап өтті.

Осы орайда, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты 1977 жылы құрылған күннен бастап ғылыми-тәжірибелік денсаулық сақтау кадрларын дайындап келе жатқанын айтқым келеді. 

Жұмыстың үш негізгі бағытының – ғылым, білім және клиникалық тәжірибенің үйлесімділігі заманауи денсаулық сақтаудың қажеттіліктері мен талаптарына сәйкес келетін білім беру бағдарламалары негізінде жоғары білікті мамандарды дайындауға мүмкіндік береді.

2023 жылы институт танылған аккредиттеу органдарының білім беру қызметін бағалауынан тағы да өтті. Гастроэнтерология, ревматология, аллергология және иммунология, пульмонология, терапия бойынша білім беру бағдарламалары аккредиттелген. Сараптамалық комиссия КІАҒЗИ Қазақстандағы үздік медициналық ғылыми институттардың бірі ретінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын, сондай-ақ тұрақты дамуды қамтамасыз етуде жетістіктер көрсеткенін атап өтті. Сарапшылардың оң бағасына ең алдымен институттың корпоративтік құндылықтары, сондай-ақ резидентураның білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін клиникалық базалардың бірегейлігі әсер етті.

Биыл «Эндокринология (ересектер, балалар)» білім беру бағдарламасы бойынша білім алған резиденттер оқуын бітіріп, білім құжаттарын алды. Енді олар алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде қолдануға дайын.
Жұмыс берушілердің пікірлері бойынша, институттың түлектері білім мен практикалық дағдылардың жақсы деңгейін көрсетеді. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының түлектеріне деген жоғары сұранысты олардың еліміздің практикалық денсаулық сақтау ұйымдарында 100% жұмысқа орналасуы дәлелдейді.

2024-2025 оқу жылы резиденттер саны айтарлықтай өсті. Резидентураға 8 клиникалық мамандық бойынша 76 адам түсті, оның 55-і мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, 16-сы жергілікті атқарушы органдардың бюджетінен, 5-і ақылы оқиды. Биылғы қыркүйектегі жағдай бойынша институттың резидентурасында 149 адам білім алуда.

Ең қажетті де игілікті мамандықты таңдаған резиденттеріміз бен жас дәрігерлеріміз дәрігер деген атқа лайық болып, ел халқының денсаулығын сақтайды деген сенімдемін, — дейді Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Марат Пашимов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кардиология #жолдау #Ғылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37

Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты

Бүгін 11:12

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика