конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жаңа Конституция / Марат Калимолдин: Жаңа Конституция әрбір қазақстан...

Марат Калимолдин: Жаңа Конституция әрбір қазақстандықтың сенімді қорғаны болады

Жаңа Конституция Бүгін 10:26 34 yakiya
Марат Калимолдин: Жаңа Конституция әрбір қазақстандықтың сенімді қорғаны болады

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Марат Калимолдин Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануын тарихи маңызы зор оқиға деп атап, оның елдің одан әрі дамуы мен азаматтардың құқықтарын қорғаудағы айрықша рөліне тоқталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретінде мемлекеттің басты құжаты болып табылады және Қазақстанның жаңа даму кезеңіне берік негіз қалайды.

«Бүгін біз көптен күткен, тарихи маңызы зор оқиғаның куәгері болып отырмыз. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданып, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретінде еліміздің басты мемлекеттік құжаты болып бекітілді. Бұл маңызды қадам Қазақстанның жаңа серпінмен дамуына, алға қойған мақсат-міндеттеріне қол жеткізуіне және жаңа белестерді бағындыруына жол ашады», – деді Марат Калимолдин.

Сондай-ақ ол жаңа Конституцияның қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтып, әрбір азаматтың құқықтарын қорғаудың сенімді тетігіне айналатынына сенім білдірді.

«Осы айтулы әрі игілікті оқиғамен еліміздің барша азаматтарын шын жүректен құттықтаймын. Жаңа Конституция Қазақстан Республикасының әрбір азаматы үшін сенімді қорған, әділдік пен тұрақтылықтың берік негізі болсын», – деп қорытындылады Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі.

Жаңа Конституцияның қабылдануы еліміздің саяси және құқықтық жүйесін одан әрі жетілдіруге, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың жаңа кезеңін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағалануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жаңа конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы балалар колониясында танымдық кеш өтті

Бүгін 11:25

Алматылықтар жаңа Конституцияның күшіне енген күнін ауқымды концертпен атап өтті

Бүгін 11:01

Академик Асқар Жұмаділдаев жаңа конституция туралы пікір білдірді

Бүгін 10:44

Ахан Бижанов: «Жаңа конституция - болашаққа беталысымыз»

Бүгін 10:43

Бар жақсылық балаларға: қазақстандық кәсіпкерлер ауыл оқушыларын қолдап келеді

Бүгін 10:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);