конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жаңа Конституция / Мақсат Жақау: «Жаңартылған конституция – Қазақстан...

Мақсат Жақау: «Жаңартылған конституция – Қазақстанның қазіргі замандағы сын-қатерге берген жауабы»

Жаңа Конституция Бүгін 11:27 38 yakiya
Мақсат Жақау: «Жаңартылған конституция – Қазақстанның қазіргі замандағы сын-қатерге берген жауабы»

Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне берген сұхбатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры, саясаттанушы Мақсат Жақау мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Конституцияның жаңартылған нұсқасы Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін қазіргі заман талабына бейімдеп, жаһандық өзгеріс кезінде елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге деген ұмтылысы.

Сарапшының айтуынша, конституциялық реформа елдегі саяси жаңғырудың заңды жалғасы әрі мемлекеттің алдындағы жаңа сын-қатерге берген жауап.

«Жаңартылған конституцияның басты мазмұны – өзгермелі әлем жағдайында Қазақстанның одан әрі даму бағытын айқындауында. Конституциялық өзгерістер қоғамдық үдеріс пен азаматтардың сұранысын жан-жақты саралаудың арқасында қабылданды», – деді саясаттанушы.

Оның пікірінше, жаңартылған негізгі заңда адам құқығы мен бостандығын қорғауға ерекше назар аударылған. Азаматтың мүддесі жүргізіліп жатқан реформадағы басты басымдықтың біріне айналды.

Сонымен қатар конституция қоғам дамуының қазіргі үрдістерін, оның ішінде мемлекеттік басқару жүйесін цифрландыру мен цифрлық экономикаға көшуді де ескереді. Бұл мемлекеттік басқаруды одан әрі жаңғыртып, жаңа технологияларды енгізуге қажетті құқықтық негіз қалыптастырады.

Сарапшы конституция елдің бүкіл құқықтық жүйесінің берік іргетасы болып қала беретінін атап өтті. Мемлекеттік институттардың қызметі осы құжаттың қағидаттарына негізделеді, заңдар соған сәйкес қабылданып, мемлекеттің тұрақты дамуы қамтамасыз етіледі.

«Конституция – жай ғана құқықтық нормалардың жиынтығы емес, ол – мемлекеттіліктің негізі. Ол мемлекеттік басқарудың негізгі қағидатын айқындайды, елдің сабақтастықпен дамуын қамтамасыз етіп, қазіргі ішкі әрі сыртқы сын-қатерге тиімді жауап беруге мүмкіндік береді», – деп түйіндеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Respublica партиясы: Ата Заң – елдігіміздің айғағы, тәуелсіздігіміздің тұғыры

Бүгін 12:11

Алматыда Қазақстанның жаңартылған конституциясының күшіне енуіне орай мемлекеттік әнұран шырқалды

Бүгін 12:05

Бизнес өкілдерінің ұсыныстары «Əділет» партиясының тау-кен металлургия кешенін дамыту жөніндегі бастамалар топтамасына енгізіледі

Бүгін 12:01

Алматыда жарты жылда еңбек заңнамасы 600 рет бұзылды

Бүгін 11:36

Алматыда 51 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Бүгін 11:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);