Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мақсат-мүдде бір

Мақсат-мүдде бір

Әлеумет 02.07.2021, 14:10 1,663
Мақсат-мүдде бір
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласындағы «Ұстаздар үйіне» «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Мұхаметжанова бастаған орталық қызметкерлері заманауи талап деңгейінде мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру барысындағы өзекті мәселелердің түйінді шешімдерін бірлесіп қарастыру мақсатында арнайы іссапармен келді.
 
Кафедраның профессорлық-оқытушы құрамымен кездесуде Әсел Зейнулақызы Ұлттық орталықтың қызмет көрсету аясын кеңейту мақсатында жасалған бірқатар жұмыстарға тоқталып, келешекте атқарылатын міндеттерге бағдар жасады. Институттың аға оқытушылары мен тренерлерінің курс сапасын арттыруға қатысты маңызды ұсыныстарымен танысып, ой-пікірімен бөлісті.


Қызмет бабындағы жүздесу Алматы қалалық білім басқармасында жалғасты. Кездесу барысында біліктілікті арттыру курстарын жүйелі, сапалы өткізудің тиімді жолдары қарастырылды. Мектеп пен «Өрлеудің» арасындағы әріптестік, іскерлік байланыстар зерделенді. Бір мақсат, бір мүдде – оқушыға саналы тәрбие, сапалы білім беруді көздейтін басшылар мұғалімдерге қолдау көрсету аясында эксперименттік зерттеу алаңдарының, тірек мектептерінің  жұмысын жандандырудың өзектілігін талқылады.


Басқарма басшысы Әсел Зейнулақызы курстарда мұғалімдердің білім алу мен кәсіби дағдысын қалыптастыруға жүйелі жұмыстардың жоспарланып отырғанын, Білім және ғылым министрінің тікелей тапсырмасы бойынша «Өрлеу» тамыз айында «Педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту» курсын бастайтындығын жеткізді. Бұл курс демалыста болған мұғалімдердің ақпараттық-коммуникациялық біліктілігін арттырып, жаңа оқу жылына дайындығын еселей түспек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#соцзащита #Минтруда #кодекс #Алматы #Ұстаз #Іссапар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Корея президентінің арнайы өкілін қабылдады

Бүгін 15:32

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

Бүгін 15:30

Алматыда тарихи матч: әуесқойлар мен алып клубтың кездесуі

Бүгін 15:26

"Енді қаңғыған иттер жүрмейді". Мәжілісте бұралқы ит иелерінің жауапкершілігі қалай күшейтілетіні түсіндірілді

Бүгін 15:02

Жаркентте автотұрақтағы көлікте жалаңаш отырған екі ер адам видеоға түсіп қалды

Бүгін 14:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика