Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мамыр айына арналған ауа райы болжамы

Мамыр айына арналған ауа райы болжамы

Әлеумет 01.05.2024, 10:22 1,423
Мамыр айына арналған ауа райы болжамы
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бірінші онкүндікте еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.


«Қазгидромет» РМК 2024 жылғы мамыр айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Консультативтік болжамға сәйкес, мамырдың бірінші онкүндігінде еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жиі жаңбыр жауады, кейде нөсер жаңбыр, кей күндері найзағай, қатты жел және бұршақ жауады. Онкүндіктің басында және ортасында республиканың солтүстігінде, орталығында,шығысында,оңтүстік-шығыс аудандарының таулы және тау бөктерінде түнде қарға ұласатын жаңбыр күтілуде.


Мамырдың бірінші онкүндігінде ауа температурасының ауытқуы күтіледі:


елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында  түнде -5+3°С-тан +2+10°С-қа дейін, күндіз +5+13°С-тан +20+28°С-қа дейін;


елдің оңтүстік жартысында - түнде -3+5°С-тан +8+15°С-қа дейін, күндіз +13+23°С-тан +25+30°С-қа дейін.


елдің батысында түнде +8+18°С-тан -3+7°С-қа дейін, күндіз +18+25°С-тан +8+15°С-қа дейін.


Айдың екінші және үшінші онкүндігінде жылы ауа массаларының Иран аудандарынан қарқынды шығарылуымен ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжануда:


республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында түнде +10+18°С дейін, күндіз +25+35°С дейін;


оңтүстік жартысында түнде +15+23°С дейін, күндіз +30+40°C ыстыққа дейін.


Мамыр айының екінші және үшінші онкүндігінің кей күндерінде атмосфералық фронттардың өтуімен найзағайлы жаңбыр жауады, ыстықтың аздап төмендеуі - солтүстікте, орталық және шығыс аймақтарда күндіз +15+25°С дейін, оңтүстікте +20+28°С дейін күтілуде.


Мамыр айында орташа айлық ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары, еліміздің батыс аймақтарында норма шамасында болады деп күтілуде.


Мамыр айында жауын–шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, елдің қиыр батысында нормадан көп, Қазақстанның оңтүстік, орталық өңірлерінде нормадан аз болады деп болжануда.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мамыр #ауа райы #болжам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанаға Сербия президенті келеді

Бүгін 09:13

Алматыда дәрігерлер жол апатына ұшыраған науқасты аяғына тұрғызды

Бүгін 09:08

Атырау облысында жоғалған бүтін бір отбасыға қатысты күдікті Индонезияда ұсталды

Бүгін 08:52

Михаил Шайдоровқа тағы бір пәтердің кілті табысталды

Бүгін 08:45

Жаңбыр, көктайғақ пен тұман: бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі