конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Мамандығына адал мұғалімге 3,5 млн теңге беріледі

Мамандығына адал мұғалімге 3,5 млн теңге беріледі

Білім және ғылым 16.08.2023, 12:10 1,392
Мамандығына адал мұғалімге 3,5 млн теңге беріледі
Сурет: 24.kz

Конкурс үш кезеңнен тұрады.


«Үздік педагог» атағының иегерлеріне 3,5 млн теңге сыйақы беріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.


Қазақстанда "Үздік педагог" республикалық байқауы басталды.


Байқауға меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының штаттық педагогтары қатыса алады.


Конкурс үш кезеңнен тұрады: аудандық, облыстық және республикалық.


Үміткердің педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері және конкурсқа қатысу кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық тәжірибесі болуы керек.



"Байқаудың бірінші кезеңіне қатысуға 1311 өтінім берілген. Қазіргі уақытта аудандық/қалалық комиссия олардың портфолиосын бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.



Екінші кезеңде әр аудан/қаладан 100 ұпайдың 80 пайызынан кем емес ұпай жинаған 10 қатысушы таңдалады. Республикалық байқаудың үшінші кезеңі биыл қыркүйек айында өтеді.


Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша 64 жеңімпаз "Үздік педагог" куәлігімен, "Үздік педагог" төсбелгісімен және 1 000 АЕК (3 450 000 теңге) ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#конкурс #мұғалім #сыйақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Сергек" енді самокатшыларды да бақылайды

Бүгін 10:28

Алматыда ALMA LOVE 2026 фестивалі басталды: алғашқы күн EcoDay экологиялық акциясымен өтті

Бүгін 09:27

Дүйсенбінің ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:59

Пашинян Армения үкіметінің тізгінін қайта қолға алды

Кеше 17:04

Алматылық "Қайрат" ФК Болгарияға аттанды

Кеше 14:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);