AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мамандар «Зерде» холдингін тарату арқылы ақша үнем...

Мамандар «Зерде» холдингін тарату арқылы ақша үнемдеуге болатынын айтты

Әлеумет 22.07.2022, 07:49 1,488
Мамандар «Зерде» холдингін тарату арқылы ақша үнемдеуге болатынын айтты
Сурет: Azh.kz

Жылына 3 миллиард теңгеге жуық қаражатты үнемдеу көзделіп отыр.


«Зерде» холдингі таратылғаннан кейін «ҰАТ» АҚ тікелей ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне беріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Министрліктің «ҚазАқпарат» агенттігінің сауалына берген жауабында көрсетілгендей, холдингті тарату арқылы жылына 3 миллиард теңгеге жуық қаражатты үнемдеу көзделіп отыр. Сондай-ақ холдингті тарату арқылы артық қызметтерден арылып, жауапкершілікті нақты бөліп алуға болады.


Қазіргі таңда «Зерде» холдингінің құрылымында үш еншілес ұйым бар: «Astana Hub» технопаркі, «ҰАТ» АҚ және «Qazinnovations» АҚ. Бүгінгі таңда холдинг қызметкерлерінің штаты 230 адамды құрайды.


«Зерде» холдингі таратылғаннан кейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы тікелей ҚР ЦДИАӨМ қарамағына беріледі.


Бұдан басқа, «Инновациялық технологиялар паркі» ДКҚ, «Astana Hub» КҚ және «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-ны бір ұйымға біріктіру жоспарлануда.


Бұған дейін хабарланғандай, 2016-2021 жылдар кезеңінде холдингтің жинақталған шығыны 7 млрд теңге болды.


Еске сала кетейік, сәуір айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Зерде» холдингін реформалауды тапсырған болатын.


Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі цифрландырудың барысына көңілі толмайтынын айтқан еді.



«Есеп комитетінің сынына ұшыраған «Зерде» ұлттық холдингінің жұмысын жақсартуды тапсырдым. Премьер-Министр цифрландырудың кураторы ретінде осы мәселеге ерекше назар аударуы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #зерде #холдинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қуыршақ театры жаңа 91-маусымының шымылдығын түреді

Бүгін 19:11

Алматының Жетісу ауданының әкімі болып Құрасбек Сәдібеков тағайындалды

Бүгін 18:35

Батыс Қазақстан облысында 245 шақырым автожолды жөндеу жұмыстары аяқталды: облыс орталығына баратын уақыт екі еседен астам қысқарды

Бүгін 17:46

Сәлем – сөздің анасы: Қоғамдағы жаңа амандасу әдебі қандай болуы керек?

Бүгін 17:44

Сәлемдесу әдебін сақтаған жөн

Бүгін 17:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);