AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда Әміре Қашаубаев атындағы республикалық ән...

Алматыда Әміре Қашаубаев атындағы республикалық ән байқауы өтіп жатыр

Мәдени Алматы Бүгін 10:20 45
Алматыда Әміре Қашаубаев атындағы республикалық ән байқауы өтіп жатыр

Бүгін, 27 қазанда Алматыда Әміре Қашаубаев атындағы республикалық дәстүрлі ән орындаушылар байқауы аяқталады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Байқауды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы ұйымдастырды,

Республикалық байқау Әміре Қашаубаевтың шығармашылық мұрасын дәріптеуге, дәстүрлі ән өнерін дамытуға және жас орындаушыларды қолдауға бағытталған. Сондай-ақ Біржан сал, Ақан сері, Естай, Мұхит секілді халық композиторларының асыл мұрасын қайта жаңғырту көзделген.

Байқауға 41 өтінім түсті. Іріктеу қорытындысы бойынша республикалық кезеңге 20-35 жас аралығындағы 22 әнші жолдама алды. Іс-шараның ашылуы қарсаңында қатысушылардың сахнаға шығу кезегі жеребе арқылы анықталды.

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қатысушылар орындаушылық шеберлігін, өзіндік ән айту мәнерін және дәстүрлі ән мектептерінің ерекшеліктерін қаншалықты меңгергенін көрсетеді.

Қатысушылардың өнерін әншілер мен бейінді оқу орындарының оқытушыларынан құралған қазылар алқасы бағалайды. Олардың қатарында Жақсыкелді Кемалов, Қайрат Кәкімов, Нұржан Жанпейісов, Шолпан Даржан және Гүлмира Сарина бар.

Сағат 19:00-де іс-шараның жабылу салтанаты өтіп, жеңімпаздар марапатталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#байқау #Ән байқауы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ертең Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Бүгін 11:05

Сейсенбіде еліміздің 15 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 09:03

Жас таланттар тоғысқан өнер додасы

Бүгін 08:42

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Кеше 18:15

Күзде қандай көкөніс пен жеміс жеген дұрыс?

Кеше 15:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);