AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мамандар жалпы білім беретін пәндердің республика...

Мамандар жалпы білім беретін пәндердің республикалық олимпиадасына 2 мың бала қатысатынын айтты

Әлеумет 18.04.2022, 10:34 1,500
Мамандар  жалпы білім беретін пәндердің республикалық олимпиадасына 2 мың бала қатысатынын айтты
Сурет: Diapazon.kz

Сынақтарды өткізудің ашықтығына үлкен мән береді.


Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға еліміздің барлық өңірінен 2 070 оқушы қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


ҚР Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, олимпиаданың қорытынды кезеңі 18 сәуірде басталып, 23 сәуірге дейін жалғасады. 


1 107 оқушы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер, ал 963 оқушы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша сынға түседі. 



«Қорытынды кезең олимпиаданың барлық алдыңғы кезеңдері сияқты Oqylyq.kz платформасында электронды форматта өтеді. Өздеріңіз байқап отырғандай, Білім және ғылым министрі ҰБТ, олимпиада және басқа да сынақтарды өткізудің ашықтығына үлкен мән береді. Былтыр біз алғаш рет республикалық кезеңді электронды форматқа көшірдік. Бірақ облыстық кезеңде зияткерлік жарыстар қағаз түрінде өткізілгендіктен, оның қорытындысына ата-аналар тарапынан шағымдар түсті. Енді оқушылар арасындағы республикалық олимпиаданың барлық кезеңін өткізу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында сайыстар электронды форматта өткізіледі. Бұл тапсырмалардың жарияланып кету және белгілі бір қатысушылардың мүддесін қолдау қаупін азайтады. Былтыр халықаралық олимпиадаларда рекордтық медальға қол жеткіздік. Әрине, бұл әділ іріктеудің арқасы. Енді осы жетістіктерді одан сайын көбейту үшін ауқымды жұмыс атқарамыз. Төртінші кезеңнің жеңімпаздары олимпиадалық резервке өтеді және олар үшін оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылатынын ескертемін. Нәтижесінде IMO сияқты ауқымды халықаралық олимпиадаларда Қазақстанның намысын қорғайтын Ұлттық құрама жасақталады», - деді ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешов. 



Олимпиаданы ашық, әділ өткізу үшін процесс онлайн-режимде бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар жарысты мүдделі емес тұлғалар, оның ішінде «Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің қызметкерлері, ата-аналар комитетінің өкілдері, журналистер, ғалымдар мен ЖОО оқытушылары бақылайды. 


Естеріңізге сала кетейік, олимпиаданың мектеп кезеңіне 16 пән бойынша 266 805 оқушы, аудандық кезеңде 96 443, облыстық кезеңде 14 369 оқушы қатысты. 



«Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы толық ақпарат https://daryn.kz сайтында орналастырылады», - делінген хабарламада.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім #Қазақстан #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);