AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Мамандар Алматы экологиясын жақсарту жолын айтты

Мамандар Алматы экологиясын жақсарту жолын айтты

Өмір-өзен 04.04.2022, 13:38 1,766
Мамандар Алматы экологиясын жақсарту жолын айтты
Сурет: Ygpe.tj

Қалаға 335 электр және газ автобустары сатып алынды.


Мамандар Қазақстан астанасы мен Алматының экологиясын жақсарту үшін қандай шараларды іске асырып жатқандарын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«2020-2021 жылдар аралығында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі негізгі экологиялық проблемаларды талқылау бойынша халықпен бірнеше кездесулер өткізді. Талқылау қорытындысы бойынша, 5 блоктан және 22 іс-шарадан тұратын экологиялық жағдайды жақсарту бойынша, яғни атмосфералық ауа сапасын арттыру, ауа айналымын жақсарту, газдандыру, автокөлік, көгалдандыруды одан әрі жандандыруға байланысты Жол картасы әзірленіп, бекітілді», - делінген Экология министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Мамандардың айтуынша, бүгінгі күні Жол картасында қарастырылған 22 іс-шараның 13-і орындалды. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 1-ЖЭО және 2-ЖЭО-ға су жылыту қазандықтарын табиғи газға ауыстыру және іске қосу арқылы газ құбырларын тарту жұмыстары аяқталды.


Газдандыру бойынша елордада 1-ші кезектегі жұмыстар аяқталды, толық газдандыруды 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр.


Алматы қаласы бойынша 2-ЖЭО және 3-ЖЭО қазандықтарды газға ауыстыру арқылы жаңғырту туралы шешім қабылданды. «Қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, Алматы 2-ЖЭО жаңғырту» жобасының ТЭН-іне оң қорытынды алынды және жобаны іске асыру бойынша жұмыс басталды. Бұл шығарындыларды 83% - ға, яғни 37,8-ден 6,0 мың тоннаға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.



Сонымен қатар, атмосфераға зиянды шығарындыларды азайту үшін Алматыда дизельдік қоғамдық көлік сатып алуға тыйым салынды және 335 электр және газ автобустары сатып алынды. Және жанармай құю станцияларындағы отын сапасына және жалпы автокөлікті техникалық байқаудан өткізуге қойылатын талаптар күшейтілді. Кіру және шығу жолдарында 21 «Сергек» жүйесі бекеттері және 19 экопост орнатылған, олар Алматы қаласының полиция департаментіне шығарындыларды тіркеу және деректерді беру үшін «Сергек» жүйесімен біріктірілген.



Аумақтарды көгалдандыру бойынша әкімдіктер жасыл желекерді толықтай тесереді, қаланың жасыл желектерінің тізілімі енгізілетін болады, онда жасыл желектердің типтері, түрлік құрамы, алаңының көлемі, жай-күйі және орналасуы туралы деректер тұрақты негізде жаңартылатын болады. Тиісті заңнамаға ағаштарды заңсыз кесу ережелеріне өзгерістер енгізілді, ол бойынша ағаштарды заңсыз кескені үшін жиырма және отыз есе мөлшерде өтемдік ағаш отырғызу көзделген, ал олардың заңсыз кесілгені үшін әкімшілік жаза бес есеге дейін ұлғайтылды.


Айта кету керек, жел ағынын зерттеу мақсатында Алматы қаласының әкімдігі жел режимін зерттеуді компьютерлік модельдеу бойынша эксперименттік жұмыс бастады, сондай-ақ жел бағытын ескере отырып, құрылыстың бас жоспарына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірленуде.



Осылайша, жаңа Экологиялық кодекске сәйкес әкімдіктер енді атмосфералық ауа нашарлаған жағдайда 3 жыл ішінде көлік құралдарының кіруіне шектеулер енгізу, ал қолайсыз метеожағдайлар туындаған кезде, атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарылуын реттеу жөніндегі уақытша шараларды енгізу өкілеттіктеріне ие.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология #Алматы #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда құқықтық мәдениет тақырыбын көтерген конференция өтті

Бүгін 10:35

Сейфуллин – Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысы аяқталды

Бүгін 10:18

Алматыда JAN Production киностудиясының директоры қамалды

Бүгін 09:10

Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:39

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);