AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мәлік Отарбаев Алматы полициясымен кездесті

Мәлік Отарбаев Алматы полициясымен кездесті

Әлеумет 18.04.2025, 11:04 582 Bakyt
Мәлік Отарбаев Алматы полициясымен кездесті
Суреттерді түсірген - С.Құсайынов

Алматы қалалық полиция департаментінде Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев пен Алматы қалалық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбеков құқық қорғау саласының ардагерлері мен қызметкерлерімен жүздесті. Бұл маңызды шарада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткен IV Ұлттық құрылтайдың негізгі идеялары мен тұжырымдары кеңінен талқыланды. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Мәлік Отарбаев өз сөзінде Ұлттық құрылтайда қозғалған мәселелер – Қазақстан халқының ортақ мүддесіне бағытталғанын ерекше атап өтті. Атап айтқанда, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, өңірлерді кешенді дамыту, жастар тәрбиесі мен ұлттық сана – қазіргі мемлекеттік идеологияның басты басымдықтарына айналып отырғанын жеткізді.

Президент кеңесшісі құқық қорғау саласы қызметкерлерінің ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолындағы еңбегін ерекше атап өтіп, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін жоғары бағалады.

Кездесуде қалалық Ішкі істер қызметі ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары Бауыржан Рахимов Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелердің маңызын айта келе, бұл бастамалардың ел бірлігін нығайтудағы рөлін ерекше атады. Ал Есірткімен күрес басқармасының жетекшісі Алматы қаласында "Заң мен тәртіп" қағидаттары аясында атқарылып жатқан шаралар жөнінде мәлімет беріп, қылмыспен күресте заманауи тәсілдер мен технологиялардың енгізіліп жатқанын атап өтті.

Жүздесуді қорытындылаған Мәлік Отарбаев Алматы қаласының құқық қорғау органдары қызметкерлеріне Мемлекет басшысының ыстық сәлемі мен лебізін жеткізді. Ол сөз арасында қазақ халқына «Қазақ» атауының қайтарылғанына биыл 100 жыл толғанын еске алып, бұл тарихи оқиғаның мән-маңызына тоқталды. Ұлт қайраткерлері Сәкен Сейфуллин, Сұлтанбек Қожанов, Тұрар Рысқұлов сынды зиялылардың ел болашағы үшін жасаған істерін үлгі етіп, қазіргі ұрпақты осы қасиетті атауға лайық болуға үндеді.

Мәлік Отарбаев құқық қорғау саласының қызметі қауіп-қатерге толы екенін айта отырып, бұл мамандық – тек тәртіптің емес, ерліктің де символы екенін атап өтті. Жиын соңында ол сала қызметкерлеріне алдағы уақытта да табыс пен тек биіктерден көрінуге тілектестік білдірді.

Президент кеңесшісінің бұл кездесуі – ұлттық идеологияның жергілікті деңгейде жүзеге асырылуын қамтамасыз етудегі нақты қадам. Құқық қорғау органдары тек қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау емес, сонымен бірге ұлттық бірлік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің тірегі ретінде бағаланды. Жастар тәрбиесі, қоғамдық қауіпсіздік пен заң үстемдігін нығайту – еліміздің болашаққа нық қадам басуына жол ашады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мәлік Отарбаев #Ұлттық құрылтай #Алматы қалалық полициясы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы студенттері робототехника әлемдік додасында биік белесті бағындырды

Бүгін 22:32

Алматыда жасөспірімдер арасында көркем жүзуден ҚР чемпионаты аяқталды

Бүгін 20:27

Дархан Сатыбалды соғыс ардагерлерінің шаңырағына барды

Бүгін 16:47

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысты

Бүгін 15:50

Айдын Рахимбаев пен жұбайы байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа жұмсамақ

Бүгін 14:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);