AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Малдың қауіпті инфекция жұқтыруы көбейген

Малдың қауіпті инфекция жұқтыруы көбейген

Әлеумет 04.04.2022, 09:51 1,259
Малдың қауіпті инфекция жұқтыруы көбейген
Сурет: ElDala.kz

Қазір құтыру мен бруцеллез жиі тіркеліп жатыр.


Жануарлардың адамдарға жұғатын өткір және созылмалы инфекциялық ауруларға шалдығуы жиіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Аурулармен күресуде оң қарқын байқалмайды


Қазақстанда ветеринарлық инспекторлардың өз міндеттерін атқаруға деген құлықсыздығы малдардың қауіпті инфекция жұқтыруына себеп болып отыр.


Бұл туралы Үкімет сағатында Мәжілістің аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы Ерлан Барлыбаев мәлімдеді.


Оның айтуынша, республика өңірлеріндегі ветеринарлық іс-шаралар бюджеттен бөлінген қаражат есебінен алдын алу шараларын жүргізумен шектеліп отыр.



«Инспекторлар жұқпалы емес аурулар бойынша есептің шынайылығы үшін жауапкершілікке тартылмайды. Жануарлардың денсаулығына монитроинг жүргізу үшін қан биохимиясын (талдауын) жүргізумен ешкім айналысып жатқан жоқ. Ал бұл эпизотикалық жағымды ахуалды қалыптастырудың негізі болып отыр. Сондықтан соңғы жылдары жануарлардың адамдарға жұғатын өткір және созылмалы инфекциялық ауруларға шалдығуы жиіледі», - деді Ерлан Барлыбаев.



Ол қазір құтыру мен бруцеллез жиі тіркеліп жатқанын және осы аурулармен күресуде оң қарқын байқалмайтынын атап өтті.


Мысалы, 2020-2021 жылдары бруцеллез жұқтыру 2%-ға, ауыл шаруашылығы жануарларындағы сібір жарасы – 6 есе, лептоспироз – 5 есе, анаэробты энтеротоксемия – 5 есе, вирусты диарея және жұқпалы ринотрахит – 113%-ға өскен.



«Импорттық асыл тұқымды ірі қара малды елге жеткізу бойынша бағдарламаларды жүзеге асыру да аз қиындық тудырған жоқ. Елге инфекциялық ринотрахеит, блютанг, нодулярлы дерматит, Шмалленбер дерті және вирусты диарея сынды аурулар әкелінді», - деді Барлыбаев.



Мәжіліс депутаты малдың инфекциялық аурулары, қырылу және оларды ерте союға мәжбүрлік, аурудан кейінгі ахуалының нашарлығы, вакциналау және ауруды емдеуге кеткен шығын, сондай-ақ карантин шаралары шаруалардың ғана емес, бүкіл ел экономикасына кері әсер етіп отырғанын айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мал #ауру #инфекция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тарихи жады және ядролық қарусыз әлем: Сенатор Б. Жексенбай Токиода Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаттарымен кездесті

Бүгін 21:03

Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «БАЛА ӘЛЕМІ» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті

Бүгін 20:20

Алматының медициналық ұйымдарында Балаларды қорғау күніне орай 400-ге жуық бала құттықталды

Бүгін 19:11

Зейнолла Ыдырысов Challenge Cup турнирінің күміс жүлдегері атанды

Бүгін 18:25

Бибісара Асаубаева Norway Chess Women-де тағы көшбасшы болды

Бүгін 18:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);