AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Мал ұрлығына қарсы күрес: Қарағанды облысында 19 ж...

Мал ұрлығына қарсы күрес: Қарағанды облысында 19 жылжымалы блок-бекет қойылды

Заң мен тəртіп Бүгін 15:06 30
Мал ұрлығына қарсы күрес: Қарағанды облысында 19 жылжымалы блок-бекет қойылды
Polisia.kz

Қарағанды облысында полиция күзгі соғым маусымы қарсаңында автожолдардағы бақылауды күшейтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өңір аумағындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға 19 жылжымалы блок-бекет қойылды.

Блок-бекеттер 25 қыркүйектен бастап іске қосылған. Мұндағы негізгі мақсат пен міндет — мал ұрлығының алдын алу, ұрланған мал мен ет өнімдерін тасымалдау фактілерін дер кезінде анықтау және қылмыстың жолын кесу. Полиция қызметкерлері блок-бекеттер арқылы мал және ет өнімдерін тасымалдайтын көліктерді тексеріп, жүктің заңдылығын растайтын құжаттарға назар аударады.

– Жылжымалы блок-бекеттердің мал ұрлығының алдын алуда маңызы зор. Мұнда қызмет атқаратын полиция қызметкерлері ет тасымалдайтын көліктерді тоқтатып, өнімдердің заңдылығын растайтын құжаттарды тексереді. Құжаттар талапқа сай болмаса, көлік полиция бөліміне жеткізіліп, малдың иесі анықталғанға дейін тиісті тексеру жүргізіледі. Өткен жылы Теміртау қаласының маңындағы блок-бекетте Ақмола облысынан ұрланған 46 бас жылқы анықталған. Бұл мұндай бақылау шараларының тиімділігін көрсетеді, – деді Қарағанды облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мейіржан Сламбеков.

Полиция мәліметінше, жыл басынан бері облыс аумағында мал ұрлығының 25 дерегі тіркеліп, оның 14-і ашылды. Сонымен қатар мал ұрлығын тұрақты түрде жасаған 4 қылмыстық топтың жолы кесілді.

Мәселен, шілде айында криминалдық полиция қызметкерлері арнайы операция барысында үш адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Тергеу барысында аталған адамдардың мал ұрлығының 7 дерегіне қатысы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданды.

Блок-бекеттердің тиімділігі өткен жылғы нәтижелерден де көрінеді. Былтыр олардың жұмыс барысында мал ұрлығының 8 дерегі анықталған.

Полиция өкілдері күзгі соғым науқаны кезінде мал мен ет өнімдерін тасымалдау кезінде қажетті құжаттарды өзімен бірге алып жүрудің маңызын ескертеді. Жылжымалы блок-бекеттер қыс түскенге дейін жұмыс істейді.

Полицияның айтуынша, жолдағы бақылаудың күшеюі ұрланған малды тасымалдау мүмкіндігін шектеп, қылмыстың алдын алуға бағытталған.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында:

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды

Бүгін 15:41

Алматыда 15-ші Almaty Marathon өтті

Бүгін 15:36

ШҚО-да «TourEast ALTAI» фестиваліне 20-ға жуық елдің өкілдері қатысты

Бүгін 14:04

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовті қабылдады

Бүгін 14:00

Астанада Журналистер аллеясындағы мүсінді бүлдірген жастар ұсталды

Бүгін 13:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);