Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттығына кандидаттар сотқа 166 арыз түсірген

Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттығына кандидаттар сотқа 166 арыз түсірген Сурет: ашық дереккөз

 Сайлау науқаны барысында кандидаттар сотқа шағымданып, 166 арыз түсірді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 



«Сотқа Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттардан 166 арыз келіп түсті. Оның ішінде Жоғарғы сотқа 55, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттарға 104 және аудандық соттарға 7 арыз берілді. Бүгінде сотта 164 арыз-шағым қаралды. Оның ішінде 49 іс қанағаттандырылды, 84 іс бойынша қанағаттандырудан бас тартылды, 15 талап қоюшы арызын кері қайтарып алды және сот 16 арызды қараусыз қалдырды», - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов.



Оның айтуынша, Сайлау туралы Конституциялық заңның 89-бабы 4-3-тармағының 4-тармақшасына, 104-бабы 6-1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес округтік сайлау комиссиясы декларацияда активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыс еместігі анықталған жағдайда кандидатты тіркеу туралы шешім күшін жояды.



«Аудандық комиссиялардың шешімдерімен Парламент Мәжілісінің депутаттығына 6 кандидаттың құқығы қалпына келтірілді. Оның ішінде Астана қаласы бойынша 5 және Шымкент қаласы бойынша біреу. Сотқа түскен 166 арыздың 135-ін депутаттыққа кандидаттар ұсынған активтер мен міндеттемелер туралы декларациялардағы мәліметтердің дұрыс еместігі туралы, сол сияқты мемлекеттік кіріс органдарынан ақпарат ұсынылғаннан кейін сайлау комиссиялары қабылдаған кандидаттарды тіркеудің күшін жоюға қатысты», - дейді ол.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21