AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мәжіліс депутаты ірі қара мал терісін өңдеуді әрі...

Мәжіліс депутаты ірі қара мал терісін өңдеуді әрі қабылдауды жетілдіру мәселесін көтерді

Әлеумет 09.02.2022, 15:54 1,418
Мәжіліс депутаты ірі қара мал терісін өңдеуді әрі қабылдауды жетілдіру мәселесін көтерді
Сурет: Ernur.kz

Мәжіліс депутаты: біздің шаруалар мал терісін лақтырып, қосымша табысынан айырылып отыр


Мәжіліс депутаты Юрий Жулин Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Склярдың атына сауал жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Отандық мал шаруашылығында жыл сайын әрі кеткенде шикі терінің 10-20 пайызы өткізіледі. Ал ірі қара малдың өңделмеген 2,5-3 млн терісі далаға тасталып, ауылдардың шеттерінде шіріп жатыр. Ашық мәліметтер бойынша, шаруалардың шығындары 14 млрд теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, осыдан санитарлық-эпидемилогиялық проблемалар да туындайды. 5-6 жыл бұрын ауыл тұрғындары экспорттық тиімділігі бар былғары шикізатынан табыс алатын еді. Алайда 2016, 2017 және 2019 жылдары былғары кәсіпорындарын қолдау үшін тері экспортына шектеу енгізілді», - деді Ю. Жулин.



Осы орайда ол аталған шектеу елеулі нәтиже бермегенін, қазіргі кезде кәсіпорындардың жүктемесі де тиісті деңгейде емес екенін атап өтті.



«Бұл тұрғыда аталған шектеу мал терісін даярлау саласын мүлдем құлдыратып жіберді. Терінің тым көп болуы шикізаттың бағасын түсіріп жіберді. Көп өңірде мал терісін жинау жүргізілмейді, өйткені тиімсіз болып тұр. Бұл сала негізінен ауылдағы шағын бизнесті өркендетуге септігін тигізер еді. Әрине, былғары өңдеу саласын қолдау керек, бірақ оны шаруалардың есебінен іске асырмағаны абзал. Алайда Үкімет шектеуді алып тастап, оны экспорттық баж салығына ауыстырды – тоннасына 200 еуро. Бұл тағы да фермерлер үшін тұсау болып тұр», - деді депутат. Оның сөзіне қарағанда, шикі былғары даярлау мәселесі Ауыл шаруашылығы мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне қатысты. «Нәтижесінде, елде шикізат көлемі артып жатқанымен, кәсіпорындар лайықты деңгейде жүктелмеген, ал былғарының шетелдік нарықтары игерілмей жатыр. Біздің көршіміз Қытай елі теріні АҚШ пен Аустралиядан импорттайды. Ал біздің шаруалар мал терісін лақтырып, қосымша табысынан айырылып отыр», - деді ол.



Осы орайда ол былғары өңдеу бағытын Ауыл шаруашылығы министрлігіне ғана беруді сұрады. Сонымен қатар өңделмеген теріге салынатын экспорттық баж салығын алып тастауды ұсынды.



«Өңірлерде сервистік-даярлау орындарын ашу мәселесін шешіп, ауыл тұрғындарын малдарын ет комбинаттарына өткізуді ынталандыру бойынша шаралар қабылдау керек. Бұл өз кезегінде сапалы былғары шикізатын алу үшін теріні кәсіби даярлау мен сұрыптау жүйесін құруға мүмкіндік береді», - деді Юрий Жулин.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#депутат #Сауал #мал терісі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);