AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мәжіліс 2025 жылды қорытындылады

Мәжіліс 2025 жылды қорытындылады

Әлеумет 29.12.2025, 14:19 466 yakiya
Мәжіліс 2025 жылды қорытындылады
Сурет: Жасанды интеллект

Мәжіліс 2025 жылдың қорытынды жалпы отырысын өткізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

"Бүгін біз 2025 жылдың қорытынды жалпы отырысын өткіздік. Бұл жыл саяси жағынан да, заңнамалық тұрғыдан да оқиғаларға толы болды. Жыл басында ел дамуының стратегиялық бағытын айқындаған, ауқымды саяси реформалардың негізін қалаған маңызды құжат – Мемлекет басшысының тарихи Жолдауының үш жылдығы атап өтілді. Осы айтулы оқиғаға орай біз арнайы бір пленарлық отырыс өткіздік. Жиын қорытындысы бойынша, еліміздің барлық азаматын ортақ мақсатымыз – Әділетті Қазақстан құру жолында топтасуға шақыратын қарар қабылданды", – деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Биылғы жыл елдігіміз үшін маңызы зор мерейтойларға толы болды.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығын атап өттік. Ол – тәуелсіздік пен құқықтық тәртіптің іргетасына айналған негізгі заңымыз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша депутаттардың бастамашылығымен Конституцияның 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заң қабылданды. Ол ізгіліктің символына айналды деуге болады.  Еліміздегі 17 мыңға жуық сотталған адам осы рақымшылық талаптарына ілікті. Өткен жыл Ұлы Отан соғысындағы халқымыздың ерлігін еске алуға арналған ауқымды іс-шаралар өтті. Мәжіліс депутаттары да халықаралық деңгейдегі және ел ішіндегі ауқымды іс-шараларға қатысып, Ұлы Жеңіске тағзым етті. Бұл тарихи оқиға бейбіт күннің бағасын терең ұғындырып, сұрапыл соғыс жылдарындағы қазақстандықтардың ерен ерлігі мен қайсарлығын тағы да жадымызда жаңғыртты", – деді Мәжіліс спикері.

Оның айтуынша, жұртшылықпен тікелей диалог орнатқан бірегей алаң – Ұлттық Құрылтай жиындары жалғасын тапты. Осы орайда Президенттің Бурабайда сөйлеген сөзі бағдарламалық сипатқа ие болды.

Ерлан Қошанов 2025 жыл сыртқы саяси белсенділік артып, маңызды халықаралық бастамалар қарқын алған кезеңге айналғанын баса айтты.

"Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясының жалпы дебатына; Қытайда өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Мемлекет басшылары кеңесінің отырысына; Тәжікстандағы ТМД көшбасшылары кеңесінің отырысына қатысып, сөз сөйледі. Президент Будапештте өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік аренадағы ұстанымын нығайта түсетін басқа да маңызды халықаралық іс-шараларға қатысты. Бұдан бөлек, жыл бойы Мемлекет басшысының стратегиялық маңызды сапарлары мен шетел басшыларының елімізге қарымта сапарлары болды.

Президенттің бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығының ашылуы аймақтың стратегиялық маңызы артып келе жатқанын көрсетеді. Бұл Қазақстанның жаһандық диалогтың белсенді және сенімді қатысушысы ретіндегі рөлін тағы бір нақтылай түсті", – деді Мәжіліс төрағасы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мәжіліс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды

Бүгін 20:28

Демеу Жадраев 77 келіге дейінгі салмақта Қазақстан Кубогының чемпионы атанды. Финалда Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері - Қаһарман Қисметовтан басым түсті

Бүгін 19:01

Елордалық жасөспірім шахматтан Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін 19:00

Мейрамбек Айнағұлов Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанды

Бүгін 18:54

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды

Бүгін 18:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);