AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / "Махаббатымызға бөгет болған жандар болған". Тоқта...

"Махаббатымызға бөгет болған жандар болған". Тоқтар Серіков ешкімге тіс жармаған сырын ашып айтты

Мәдениет 10.12.2025, 16:39 424
"Махаббатымызға бөгет болған жандар болған". Тоқтар Серіков ешкімге тіс жармаған сырын ашып айтты
instagram.com/toktar.serikov

Танымал әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тоқтар Серіков жары Бейбіт Сейдуалиевамен қалай шаңырақ көтергенін айтты, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол "Хабар" арнасына берген сұхбатында бөлісті.

Қазақта сөз бар ғой. “Досыңды жұртқа тастама” дейтін. Ит екеш иттің өзі ұяласын далаға тастамайды. Сондай белестердің бәрін бірге бағындырып алып, сондай атақ-дәрежелердің бәріне қол жеткізіп алып, орта жолға келген кезде менің Бейбітпен үйленбей кетуім ол бір “әбестік” болар еді. Қазақ дейтін халық шынымен де менің келіп, бетіме түкіруі мүмкін еді. Қол ұстасып бірге жүргесін, ар мен ұяттан аттамаудың жолын ойладым. Оның үстіне екеуміздің әке-шешеміз тірі. Әке-шешесіне Алла разы болсын! Жәннаттық болсын деп тілейміз! Керемет мейірбан кісілер болатын. Мені баласындай жақсы көретін. Біз үйленеміз, үйленбейміз шатағы жоқ. Бізге деген махаббаты зор болды. Әсересе мен келгенде баласы келгендей қарсы алатын. Маған “шаршап тұрсың ғой. Төсек салып қойдық. Ұйықтап алшы” деп жалынатын. Шаршап тұрамын ғой. Жолдан келемін. Менің не жейтінімді, қандай жылы жұмсақ жақсы көретінімді, бәрін біліп алған. Соған дейін мамасы дайындап қоятын. Жолға кетіп бара жатсам, тамақ салып беретін. “Тоқтардың қарны ашып қалмасын” деп. Енді, анадай махаббаттан аттап кету ол ессіздік болатын еді. Жасыратыны жоқ. Бір түйір дәнге алданған жоқпын. Пейілді көрдім. Сондай махаббатты көрдім. Мәңгілік менің адамым екен ғой деп, сол кезде қасымда қалды. Әйтпесе, мен ешкімнен жасырмаймын. Әлі күнге дейін де айтамын. Біздің махаббатымызға бөгет болған жандар да болған. “Қосылмаса” деп тілегендер де болған. Ағайын-туысқандар емес. Жалпы, біздің өнерде жүрген азаматтардың да біраз кедергі жасаған кездері болған. Біз екеуміздің алға қойған мақсатымыз - біреу. Мүдде - біреу. Екеуміз күресіп шықтық. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқтар Серіков #Бейбіт Сейдуалиева
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпір астынан ер адамның мәйіті табылды

Бүгін 15:41

Иранда жаппай наразылықтардан кейін үш адамды өлім жазасына кесті

Бүгін 15:26

Астана 2030 жылғы жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионатын өткізеді

Бүгін 15:12

Елімізде мереке күндері ауа райы қандай болады?

Бүгін 14:25

Алматыда дәрігерлер 25 келі алып ісігі бар науқастың өмірін сақтап қалды

Бүгін 14:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика